Маңғыстау облысы жаңа оқу жылына сақадай сай

Маңғыстау облысында жаңа оқу жылында облыс бойынша 128 мың бала мектепке барады. Оның 16 мыңы бірінші сыныпқа қадам басады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 балаға артық. Мұны кезекті аппарат жиынында Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова мәлімдеді. Сондай-ақ, отырыста ауыл шаруашылығы саласы, «Экспо-2017» көрмесі мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар талқыланды.

Жаңа оқу жылына аймақтың білім ордалары сақадай сай. 40 балабақша мен 108 мектеп жөндеуден өткен. 500 балғын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында оқуға қажеттілерімен қамтылды. Биыл 9 мыңнан аса аз қамтылған отбасы балалары мен 1-ші сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі. Облыс мектептерін құрал-жабдықтармен жарақтандыру да назардан тыс қалмаған. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 356 млн. 446 мың теңге қаржы бөлінген.

  • 43 мектепке роботехникаға 220 млн.теңге; 8 химия кабинетіне 38 млн. 200 мың теңге;15 физика кабинетіне 73 млн. 246 мың теңге;3 биология кабинетіне 15 млн. теңге;100 мектепке интерактивтік тақтаға 99 млн. теңге. Облыс мектептері қазіргі заманғы пәндік кабинеттермен: физика – 50%, химия – 65%, дейді Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова.
  • 2016-2017 оқу жылы білім саласы үшін табысты болды. 1047 бала мемлекеттік грант иегері атанды. Бұл алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 50 пайызға көп. 445 бала “Серпін” бағдарламасы бойынша оқуға түсті.
  • 445 баламыз жаңа мамандықтар бойынша басқа облыстарға барып оқиды. Оның ішінен негізінен Солтүстік Қазақстан облысы мен павлодар облысы тұ, дейді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
  • Білім саласымен қатар, ауыл шаруашылығы саласының көрсеткіштері де көңіл көншітеді. І жарты жылдықта 2000 тоннадан аса ет, 3000 тонна сүт, 800 мың дана жұмыртқа, 4700 тонна ұн өндірілген.
  • Егін шаруашылығы 100 пайызға, мал шаурашылығы 104 пайызды құрап отыр. 22 пайызға ірі қара мал басы өсті. қой-ешкі 8 пайызға өсті. Жылқы 10 пайызға, түйе 8 пайызға өсті, дейді Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Берішбаев.

Жиында мемлекеттік жекеменшік-әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқан 40 жоба мен  “Экспо” көрмесі сөз болды. Жаһандық шараға осы уақытқа дейін 50 мыңға жуық маңғыстаулық барған. 10 қыркүйекке дейін бұл көрсеткіш арта түспек,- дейді туризм саласының мамандары.

 

Айман Оңғарбайқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған