Меккеге аттанған қажылардың ақ тілегі

Құрбан айт мерекесі жақындаған сайын қасиетті Меккеге аттанып жатқан қажылар легі де қоюлана түсті. Қалың мұсылман қауымына тиесілі бесінші парыз кім көрінгенге бұйыра бермейтін бақыт.

Біздің ұжымнан да «Хикмет Travel» компаниясымен қос қажы аттанды. Олардың біреуі «Qazaqstan zamany» газетінің бас директоры, ҚР еңбегі сіңген қоғам қайраткері Сәуле Мешітбаева болса, екіншісі басылымымыздың белсенді авторы Салима ханым.

— Маған қажылыққа баруды Аллам екінші мәрте бұйырып отыр. Әрине, менің ең басты дұға ететінім елімнің, ұлтымның амандығы. Бауырларым осы бақыт сапарына баруыма демеушілік жасады. Оларға Аллам разы болсын! Құлшылығымызды, игі тілектерімізді Жаратушы иеміз қабыл етсін. Баршаңызға амандық-есендік, сәттілік тілеймін, — деп Сәуле қажы аттанарда осы ақжарма тілегін жеткізді. Бұл біздіңше ақжолтай сапарға аттанғандардың ортақ тілектері деп білеміз. Біз де қажылардың аман-есен олжалы оралуына, сондай-ақ, бүкіл мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз. Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған