Мемлекеттік қызметке орналасу талаптары өзгерді

2016 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Агенттіктің Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Мақсұт Өтешевтың қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Брифингте Мақсұт Өтешев мемлекеттік қызметке үміткерлерге қойылатын  біліктілік талаптары мәселелеріне түсіндірме берді.

Біліктілік талаптары әрбір мемлекеттік органмен дербес жасалады және міндетті түрде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен келісуге жатады. Біліктілік талаптары барлық мемлекеттік лауазымдарға білімі, еңбек өтілімі және құзыреттілігі бойынша бірыңғай талаптар орнатады.

Білімге талаптар лауазым деңгейіне байланысты орнатылады. Бірқатар лауазымдарға, мысалға, ауылдық және аудандық деңгейлерге ортадан кейінгі және техникалық пен кәсіби білімдер рұқсат етіледі. Бірқатар лауазымдар, мысалға, орталық деңгейде үміткермен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу өткергендігі немесе шетелдік білімі бар болуыескерілуі мүмкін. Мұндай білімі бар мемлекеттік лауазымға үміткерлерге мемлекеттік қызметте еңбек өтілімінің қысқалау мерзімі  талап етіледі (мысалға 5 жылдың орнына 3 жыл мемлекеттік қызметтегі өтілім).

Мемлекеттік қызметке үміткерлерге жұмыс өтілімі маңызы аз емес. Қазір мемлекеттік қызметке мемлекеттік емес мекемелерде, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарда жұмыс өтілімі бар азаматтар түсе алады.

Мансаптық үлгі икемділігін қамтамасыз ету және жеке сектордан дарындыларды тарту үшін мемлекеттік органдар міндеттерімен ұқсас қызмет салаларында жұмыс өтілімі бар азаматтар арасында «ашық» іріктеу жүргізу қарастырылған.

Сонымен бірге, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бойынша жаңа тәсілдерді іске асыру үшін жаңарған біліктілік талаптарда төменгі тұрған лауазымда бір жылдан кем емес өтілімі болған жағдайдағы мемлекеттік қызметте кезең-кезеңімен жылжыту тетегі енгізілгендігін атап өту керек.

Мемлекеттік қызметке үміткерлердің квалификациялық талаптары мемлекеттік қызметтегі жаңа тәсілдердің енізілуімен жетілдірілуде.

Аталған сараптаманың негізінде, ендігі кезекте әскери қызметінде, Парламент пен маслихат депутатының мәртебесіндегі, сот және халықаралық қызметкерлері мәртебесіндегі жұмыс өтілі ескерілетін болады.

Аталған жылы квалификациялық талаптарға жаңа «біліктілік» жаңа ұғымы енгізілді. Бұл әрбір қызметкерлерге тиімді жұмыс жасау үшін  қажетті  білім мен дағдылардан тұратын жиынтық.

Біліктілікті бағалаудың автоматтандырылған жүйесі әрбір біліктілікті тексеру үшін 12 тесттік жұмыстан құралған.

Басшылық қызметіне үміткелерге 10 біліктілік деңгейін анықтауға 90 минут, қалған қызметке үміткерлер үшін 8 біліктілік деңгейін анықтауға – 75 минуттан беріледі.

Аталған жылдың басынан жалпы жеке қасиеттерін бағалауда тесттілеуден өткендердің 76,3% жоғары бағадан алды.

Қазіргі уақытта Агенттік Біріңғай біліктілік негіз ретінде жетілдірулуде. Бұл тәсіл әрбір деңгейдегі қызметтің біліктілігін тексеру ьалаптарын нақтылап алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметке түсушілерге арналған квалификациялық жаңартылған талаптар мемлекеттік қызметке өтуде тең мүмкіндік алуға және мемлекеттік қызметкерлердің тиімді жұмыс атқару үшін кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.

Дереккөз: «Егемен Қазақстан»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған