Мемлекеттік қызметшілерге жаңа жалақы төлеу жүйесі енгізілді

Қазіргі таңда жаңа жүйенің пилоттық жобасы іске қосылды.
Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінде болған мәжіліс барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төреағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлімдеді.
Мемлекет басшысының тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеу жөніндегі жаңа пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба лауазым өкілеттіктерін орындауды бағалауда факторлық-балл шкаласын қолдануды қарастырады. Айлық жалақы мөлшері қызметшінің өкілеттігіне, шешілетін мәселелердің күрделілігіне және әрбір қызметшінің нәтижеге қол жеткізудегі жауапкершілігіне байланысты айқындалады.


Бұл жоба «100 нақты қадам» ұлттық жоспары шеңберінде іске асырылды, Атырау облысының мемлекеттік қызметкерлеріне ақы төлеу жүйесі осы жылдың қаңтар айында басталды. Пилоттық режимде жаңа жүйе Астана қаласының әкімдігінде, Маңғыстау облысының әкімдігінде, Әділет министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жүзеге асырылды.
-Жаңа жүйе бойынша барлық мемлекеттік қызметшіге жалақы мөлшерінде 4 бонус қарастырылған. Бірақ, өзіне жүктелген міндетті шартты тұрде орындамаса ол қызметкерге бонус төленбейді. Қаражат бюджетке қайтарылады. Сонымен қатар, жаңа жүйе енгізілуі барысында қырқарту болмайды, тек бос жұмыс орындары қысқартылады,- дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Айгүл Шайымова.
Қазақстанда бұл әдіснаманы 174 жекеменшік және квазимемлекеттік сектордағы компаниялары енгізді. Жүйе әр лауазымға үш негізгі факторға қатысты ұпайларды тағайындауға мүмкіндік береді:
1) қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін қандай білім деңгейі, құзыреті және жұмыс тәжірибесі қажет;
2) лауазымға жүктелген міндеттердің күрделілігінің дәрежесі;
3) нәтижеге қол жеткізу жауапкершілігінің дәрежесі.
Факторлардың әрқайсысы үшін балл шығарылады және олардың жиынтығы жаңа еңбекақы желісінде ұстанымның позициясын анықтайды.

                             Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған