“Меркі түрік ордасы”

Назарларыңызға Жамбыл облысының киелі жерлер картасына “Меркі түрік ордасы” жайлы қызықты деректерді ұсынамыз

Мерке түрік ордасы – Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл облысы, Шу өзенінің аңғарында Мерке елді мекенінен 37 км қашықтықта орналасқан VІІ-VІІІ ғасырларда Ба¬тыс Түрік қаға¬натының орталықтары болған, түркі дәуірінен бізге жет¬кен, бай мәдени-та¬рихи мұра. 170-тен астам ескерткіштер 250 км2 аймағында Қырғыз Алатауының таулы жерінде 3000 м биіктікте орналасқан. Мерке түрік ордасы Қазақстан терри¬ториясында орна¬ласқан әйгілі ескерткіштер ретінде «ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар» тізіміне ұсынылған.
Мерке ғибадатханасындағы мүсіндерде жеке тұрған әйел немесе ер адам бейнесі бейнеленген. Меркелік тас мүсіндерде қолдарына ыдыс ұстаған әйел мүсіндері барын¬ша мәнермен өңделген. Егер мүсінде егде әйел бейнесі сомдалса кимешегі, келіншек бейнесі сомдалса сәукелесі, әшекейлері анық көрсетілген. Мүсіндердегі бас киімдер мен көкірегіне тағылған әшекейлеріне қарап, әйел адамның жасын және қоғамдағы әлеуметтік статусын ажыратуға болады. Мерке ғибадатханасындағы әйел адамдарына арналған тас мүсіндердің орналасуы, бейнелену ерекшеліктері көшпелі түрік қоғамында әйелдің ерлермен теңдей дәрежеде болғандығын аңғар¬тады. Сонымен бірге мұнда түркілердің еркектік бастаумен бірге, Ананы — ұрпақ жалғастырушы ретінде тану сияқты, терең тамырлы көшпелі¬лердің идеологиясы жатыр.
Мерке өңірінен бүгінгі таңда үш ойма жазу табылып отыр. 2000 жылы шілде айында табыл¬ған бірінші ойма жазу – “Мұң тарқатар жазу” көне түрік кезеңіне жатады. Бес руникалық таңбадан тұратын бұл көне түрік жазуын профессор А.Аманжолов түрікше “бұ қыл йас” деп оқыды. Қазақша баламасы “Мұңым-күйзеліс” (күйреу), екінші баламасы “Мұңымды тарқат”, “Шерімді жаз!” деген мағынаны білдіреді. Ғалымдар бұл қойтастағы жазудың хронологиялық уақытын көне түркі заманының соңғы ширегі деп болжайды.
“Көне түріктердің көк тәңірге тасқа ойып жазған тілегі” 2004 жылы тамыз айында табыл-ды. Ғажайып таңбалары бар қойтастың ұзынды¬ғы 4 м, ені 2 м. Жазудың өзі тасқа терең етіп ойылған ерекше үш таңбадан тұрады. Әр таңбаның биіктігінің өзі жарты метр шамасында. Таңбаларды зерттеу нәтижесінде түрік жазуының оңнан солға қарай оқылатыны анықталған. Бір ғажабы, жазу жоғарыдан, яғни көк аспаннан оқуға арналған тәрізді. Мұндағы жазу “абыну” немесе “абынғу” деп оқылды. Ол уану, жұбану деген мағына береді. Бұл сөздің түбірі – көне түрік етістігі абын-қазақ тілінде уан түрінде осы күнге дейін сақталған. Ғалымдардың пайым-дауынша, бұл қойтастағы көне руникалық жазу көк тәңірге арналған. Қойтастың жоғарғы жағындағы ойықтар мен тастың үлкендігін ескере отырып, бұл аймақты ғалымдар, осы өңірді мекен еткен көне түрік тайпаларының құрбандық шалуға арналған айрықша қасиетті де, киелі орны деп отыр. Қазақстан жеріндегі Шу өзені алқабындағы Мерке өңірінен табылған келесі жаңалық 2005 жылы болды. Қойтасқа ойып жазылған үшінші руникалық жазу екі таңбадан тұрады. Оның көне түрікше оқылуы ық “ық жер” дегенді білдіреді. Бұл көне руникалық жазуды оқыған профессор А.Аманжоловтың айтуы бойынша, қойтастағы жазу жайлаудағы ызғар желден, жауын-шашын¬нан пана болатын жерді белгілеп, көрсетіп тұрғандай.
“Мәдени мұра” тізіміне ұсынылған келесі бір тамаша ескерткіш – Мерке ғибадатханасының солтүстік жағындағы Жайсан ғибадатханасы. Бұл ортағасырлық түріктерден қалған мәдени – ғұрыптық кешен. Ғибадатханадағы ескерткіш¬терді зерттеу және сақтау жұмыстары 2001 жылдан бастап қолға алынды. Мұнда ескерт¬кіштердің негізгі бөлігі орналасуына қарай бір заңдылыққа негізделген. Яғни, жерлеу құры¬лыстары кешеннің батыс бөлігінде орналасса, ғұрыптық құрылымдар кешеннің шығыс бөлігіне шоғырланған. Тек сирек жағдайда ғана қоршау-лар қорғандардың ортасында немесе культтік кешендердің батыс бөлігінде орналасқан. Жайсан ғибадатханасының құрамдас бөлігі болып табылатын түріктердің өнер туындылары мемориалдың оңтүстік батысына жақын ара¬лыққа шоғырланған. Мұндай өнер туынды¬ларына тас мүсіндерде және стелаларда, сондай-ақ жартастарда кездесетін рулық таңбалар, петроглифтер т.б. жатады.
Өзінің әлеу¬меттік-саяси құрылымы бойынша қоснегізді этнографиялық тұрмысы, яғни Орталық Азия¬ның көптеген түрік тайпаларын құрамына енгіз¬ген Шығыс және Батыс бөліктері екі түрік әлемін – Шығыс және Батыс ареал тайпа¬ларының мәдени арқатынасын көрсетеді. Тағ-дыр¬дың жазуымен қасиетті Батыс Түрік қаға¬натының орталығында екі түрлі түрік әлемінің мәдениеті қосылған және Мерке ғибадатханасы ұрпаққа мұра ретінде қалды.

Дереккөздер:
1. Turkic sanctuary of Merke – UNESCO World Heritage Centre
2. Н.Кәдірімбетова, Б.Есбергенова, Түркілердің қасиетті ескерткіштері Шу өңірінен http://xn--ucoz-43dgv9c4c2ec.ru/blog/2008-09-27-25
3. http://moldir-bulak.kz/?p=5044

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.