Мидың белсенділігін қалай арттыруға болады?

1936 жылы ағылшын жазушысы Дороти Бранд «Оян және өмір сүр» («Wake Up and Live») кітабында мидың қалыпты жұмыс жасауы үшін ақыл-кеңесін ұсынған. Бұл жаттығулар сізді өзіңізге ұнамсыз ортадан алып шығуға септігін тигізеді.

Сонымен миыңызға жаттығуды жасауға көшелік.

  1. Күніне бір сағат уақытыңызды артық сөз сөйлемей, тек тура жауап беруге арнаңыз. Әрі ортаңызға өзіңіздің көңілді не көңілсіз жағдайда екеніңізді білдіртпеңіз. Өзіңізді салқынқанды ұстаңыз.
  2. Күніне жарты сағат тек қана бір затты ойлаңыз. Ол зат сіз үшін бағалы болғаны абзал. Басқа ешбір дүниеге бас қатырмаңыз, тек сол бағалы затты ойлауға тырысыңыз.
  3. Күніне он бес минут уақыт ішінде «мен, маған, менің» дейтін сөздерді пайдаланбай сөйлесіңіз.
  4. Күніне кез келген бір ғимаратқа көз салып, ондағы адамдардың көптігіне қарап ғимараттың өлшемін және адамдардың санына мән беріңіз. Іштей есеп жасап тұрыңыз.
  5. Жаңадан танысқан досыңызға өзі жайында ғана ақпарат беруін қадағалаңыз. Сіз өз жайыңызда ешқандай сыр бермеңіз, әрі сөздің бағыты сізге ауысып бара жатса сұрақтар арқылы досыңыздың тек өз турасында сөйлеуіне жол ашыңыз. Мұны, тіпті, оның өзіне де білдіртпеңіз.
  6. Өзіңіз жайында мақтанбай, арызданбай және жаныңыздағы әріптесіңізді қажытып алмай айта алуға дағдыланыңыз.
  7. Күніне жоспар жасаңыз. Бірақ бұл жоспардың ерекшелігі күніне екі сағатқа ғана созылсын. Сол екі сағат ішінде ештеңеге алаңдамай жасаған жоспарыңыз бойынша ғана әрекет етіңіз.
  8. Өзіңізге арналған он екі түрлі кездейсоқ жағдайлар жасаңыз. Және күнделікті жасап тұрыңыз. Мәселен, үйге дейін жиырма шақырым жолды ешбір көліксіз жаяу бару секілді. Немесе он екі сағат бойына тамақтанбай жүру. Келе жатып өзіңіз күтпеген, жоспарламаған жерден тамақтана салу сынды әрекеттерді жасаңыз.
  9. Апта ішінен бір күнді таңдап алып, күні бойына «иә» деп қана жауап беріңіз. Кез келген ұсыныс пен сұраққа «иә» деп жауап беріңіз.

Бұл жаттығулар сіздің миыңыздың қалыпты әрі белсенді жұмыс жасауы үшін пайдалы. Сынап көріңіз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған