Министрлер, мұндай ақылдарыңды алдымен өз балаларыңа айтыңдар – Еркін Рақышев

Билік өздері сияқты екіжүзді, жағымпаз, намыссыз, жігерсіз жастарды тәрбиелеп жатқаны аздай, енді оларды жаман жолға түсірудің әдісін ашық айта бастады. Жақында Денсаулық сақтау министрлігі мектеп оқушыларына тегін мүшеқап (презерватив) таратуды бастамақшы. Онымен қоса 16 жасқа толған қыздарға ата-аналарына айтпай, олардың рұқсатынсыз түсік (аборт) жасатуға болады дейді. Мұндай «қамқорлық» кәмелетке толмаған қыздар арасында түсік жасауды азайтады – мыс. Министрлер, мұндай ақылдарыңды алдымен өз балаларына айтыңдар. Тегін мүшеқапты қанша қолдансаң да қолдана бер, қызына, аборт жасайтын болсаң, бізден сұрамай жасата бер деп. Оңбағандар. Сендер өздеріңнің жымысқы ойларыңды іске асыру үшін, қазақты бүйтіп алдап, жарылқамай ақ қойыңдар. Бұларын оқушы балаларға жыныстық қатынасқа ерте түсуді жарнамалайтын жол. Біздің салт-дәстүріміз, менталитетімізбен санаспай, оқушыларды азғындық, жаман жолға түсіретін жол. Дұрыс оқу-тәрбие беріп, тегін спорттық тағы да басқа үйірмелер ашудын орнына, қазақ ұлтын жоюға, шет елден алған ақшаларыңды өтеу үшін жасап жатқан жұмыстарын. Байлығымызды ұрлап, тонап, әр қазақтың мойнына кредит іліп қойғандарын аздай, енді барлық салада ашық мәңгүрттендіруге көштіңдер. Білім министрлігінің ағылшын тілін білмейтін балаға, төрт негізгі – математика, химия, физика, биология пәндерін ағылшын тілінде оқытамыз дегені, балалардың біліміне, болашағына балта шабуды ойлаған нағыз халық жауларынын әрекеті. Сендер білім саласында реформа жасаймыз деп, шет елдерден ақша алған кезде, оқушыларды осылай мәңгүрттеңдіреміз деп міндеттеме алғансыңдар. Сатқындар. Денсаулық сақтау министрлігінің бұл бастамасының да артыңда, шет елдердегі біздің жауларымыз тұр. Қазаққа дерт болып жабысқан жүрек қан- тамыр ауруларынан елімізде жылына 50 мыңдай адам қайтыс болады екен. Осылардың кемінде 10-15 мыңдайы, тікелей министрліктің қателігі мен қылмысының әсерінен болуда. Бір адам өлтіргенді соттайды. Ал бұлар… Қылмыскерлер. Жала жапты деп мені сотқа беріңдер. Дәлелдеп быт-шыттарыңды шығарамын. Сот бәрібір болады. Қазақ ұлтына жасап жатқан қылмыстарын үшін, әлі-ақ жауап бересіңдер, сатқындар!

gu-gu.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған