Миға қуат беретін 19 тағам

Миыңыз ағзадағы ең қымбат «жылжымайтын мүлік» екенін білесіз бе? Жинақталған калориялардың 20% – 30% дейін миды қуаттандыруға жұмсалады екен. Сондықтан, зиянды тағамдар фигураңызға қаншалықты әсер етсе, ми жұмысына да соншалықты әсері береді.

Диета сүйер қауымға жақсы жаңалық: семіздік ойлау функциясына жағымсыз әсер етеді. Егер сіз сұлулық, мықты денсаулық пен жоғары интеллектті өзіңіз үшін маңызды деп санасаңыз, миыңызды «тамақтандыруда» абай болыңыз. Өйткені, ешбір дене жаттығуы және интеллектуалды жаттығу зиянды тағамдардың әсеріне төтеп бере алмайды.

Ал, енді, миыңыз сізден қандай тағам күтеді екен?

Шикі бадам. Ми белсенділігінің төмендеуінен сақтануға қажетті Е дәрумені бар.

Кешью. Есте сақтау қабілетін дамытады, антиоксиданттарға бай.

Грек жаңғағы. Ойлау қабілетіне жағымды әсерін тигізетін омега-3 майлы қышқылына бай.

Қара шоколад. Антиоксиданттарға бай болғандықтан, қара шоколад та пайдалы тағамдар қатарында. Қызығы, шоколад неғұрлым қара болса, оның ағзаға тигізер пайдасы да соғұрлым көп. Тағы бір жайт, шоколад құрамында мұқияттылықты арттыра түсетін кофеин де бар.

Алма. Құрамында антиоксиданттар мен талшықтар бар. Бонус: талшық бізде көп уақытқа дейін тоқтық сезім сақтайды да, артық салмақтан арылуға көмектеседі.

Авокадо. Жоғарыда атап өткен омега-3 майлы қышқылына қанық. Ал бұл, өз кезегінде, ойлау қабілетіне жағымды әсер береді.

Қаражидек. Бұл жидек антиоксиданттар мен антоцианға аса бай. Антоциандар қаражидекті қаракөк түске ғана бояп қоймай, сонымен бірге диабетке қарсы белсенді күрескерлердің біріне жатады.

Даршын. Дәмдеуіштердің түгелі дерлік антиоксиданттарға бай, ал осы тізімдегі бірінші орынды даршын иеленеді. Антиоксиданттар есте сақтау мен ойлауға көмектеседі.

Орегано. Антиоксиданттарға тек дәмдеуіштер ғана емес, шөптер де өте бай келеді.

Қырыққабат, шпинат және басқа да жасыл жапырақтылар. Темір мен фитонутриенттер (өсімдіктердегі табиғихимиялық заттар) көптеген аурулардың алдын алып, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Кофе. Шоколад сияқты, кофенің құрамында антиоксиданттар мен кофеин бар.

Тәтті картоп (батат). Фитонутриенттер, талшық және А дәруменіне толы.

Кокос майы. Бұл май тікелей ми жұмысына емес, метаболизм мен салмақты бақылауға көмегін береді. Ал семіздікті болдырмау миға жақсы әсер беретінін жоғарыда айтып кеткен болатынбыз.

Зәйтүн майы. Антиоксиданттар, қанықпаған майларға бай. Сонымен бірге, жүрек ауруларын алдын алуға да пайдалы.

Балапан еті. Протеинге өте бай, бірақ дене бітіміңізді қалпында сақтайды.

Жұмыртқа. Ақуызға өте бай, сонымен қатар салмағыңызды бірқалыпты етіп сақтауға көмектеседі.

Албырт. Миға күшті қуат беретін омега-3 тұнып тұр.

Ширатаки кеспесі. Жабайы ямс тамырынан дайындалады. Талшыққа бай, ал калориялары өте аз.

Көк шай. Антиоксиданттар мен метаболизм үрдісін тездететін эпигаллокатехин галлатына бай. Құрамында босаңсу және тонусты сақтауға көмектесетін Lтианин да бар. Ал кофеин, кофемен салыстырсақ, әлдеқайда аз.

Бұл тізімдегі тағамдардың қайсысы рационыңызда бар? Қайсысын қосуды жоспарлайсыз? Пікіріңізбен бөлісе отырыңыз!

Айжан Байтанова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған