МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ — ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БЕЛ БАЛАСЫ

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала ауылы — ұлт қазынасы» экспедициясы Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында болды. Экспедиция құрамында «Қазақстан ZAMAN» газетінің бас редакторы  Ертай Айғалиұлы, «Нұр Отан» партиясы МОФ кеңесшісі Есберген Іңірбайұлы және «Маңғыстау агросервис» ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Әлімбай бар. Сапар барысында олар Мұнайлы ауданының әсем жерлерімен танысып, шаруалармен кездесті. 

Қысқаша жағрафиясы

Мұнайлы ауданы Маңғыстау облысының батысында орналасқан. Солтүстігінде Түпқараған ауданы, Маңғыстау ауданы, шығысында Қарақия ауданымен шектеседі. Аудан орталығы — Маңғыстау кенті, облыс орталығынан 20 км қашықтықта орналасқан. Мұнайлы ауданын тәуелсіздіктің жемісі десек, артық айтқандық емес. Аудан 2007 жылдың 4 маусымында құрылды. Аудан құрамына Маңғыстау, Баянды, Қызылтөбе ауылдары және Өмірзақ ауылы жерлерінің бір бөлігі, сондай-ақ, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының жер бөліктері кірді.

Ауыл шаруашылығы

Қазіргі уақытта аудан аумағында 124 мал шаруашылығы және 25-тен астам егін шаруа қожалықтары жұмыс жасауда. Ауданда ауыл шаруашылығына айрықша көңіл бөлінуде. Атап айтсақ, басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялау және асылтұқымды мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламалары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Аудан өнеркәсіптік типтегі 4 гектарлық 1 жылыжай «Каспий Агро Компани» ЖШС және фермерлік типтегі 6 жылыжай қала және аудан халқын табиғи таза өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. 2015 жылы басым ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялау 51 652 920 теңгені құрады. 2016 жылы отандық тыңайтқыш өндіруші «ҚазАзот» ЖШС-інен арзандатылған тыңайтқыштың 181 тоннасы жарты бағасымен сатып алынды. 2016 ж. ауыл шаруашылығы дақылдарын субсидиялау бағдарламасы бойынша құжаттар жинақталып, субсидиялау жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан асылтұқымды мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламасы бойынша «Қожыр-Ата» шаруа қожалығы 18 бас сатып алынған адай жылқысын субсидиялау 720 000 теңгені құраса, осы бағдарлама аясында «Кішкенеқұм» шаруа қожалығы өндірілген және сатылған мал шаруашылығы өнімін субсидиялау 563 700 теңгені қамтыды.

«Гидропоника» технологиясы арқылы қияр өсіретін жылыжай

Экспедиция мүшелері ауданға сапары барысында «Каспий агро компани» жылыжайының жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда «Каспий Агро Компани» жылыжайының жұмысы қарқынды. 2010 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан мекеме жылына 600 тонна өнім береді. Жылыжай «Гидропоника» технологиясы арқылы қияр өсіреді. Бұл әдісті қолдана отырып өнімді арттырып, көкөніс егуге қажет жер көлемін әжептәуір азайтуға болатынын айтты серіктестік директоры Талант Наурызбаев. — Бізде мұнда тағы 2 га бар. Оны эксплуатацияға жібереміз деп ойлап жүрміз. Мұнда ешкімді кіргізбейміз. Себебі қияр — тірі нәрсе. Карантин. Өзіміз машинаға тиеп қалаға алып барамыз. Заманауи техникамен қамтылған жылыжай жылына екі рет өнім береді. Мекемеде 60 адам жұмыс істейді. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар. Солардың бірі оператор Өмірбек Аманжолов: — Маңғыстау 5-тен қатынап, мұнда 4 жылдан бері жұмыс жасаймын. Бала-шағамды асырап отырмын, — дейді. Дайын өнім облыс орталығындағы «Асарс» базарында көтерме бағамен сатылады.

%d0%b6%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d0%b6%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d0%b0%d0%b3%d1%8b-%d0%be%d0%bf%d0%b5%d1%80%d0%b0%d1%82%d0%be%d1%80-%d0%be%d0%bc%d0%b8%d1%80%d0%b1%d0%b5%d0%ba-%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b6%d0%be

Шаруалар жұмысы басты назарда

Заманауи жылыжайдың жұмысымен танысып болған соң, экспедиция мүшелері ауданның бір топ шаруаларымен кездесіп, олардың пікірін тыңдады. Жиынды Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Берік Біләлов жүргізіп отырды. Мұнайлы жас аудан екендігіне қарамастан, мұнда мал шаруашылығы саласы қарқынды дамып келетіндігін айтқан ауыл шаруашылығы саласының маманы Қуантқан Боранбаев:

— Мұнайлы ауданында 14 000 мың қойешкі, 2000 жылқы, 900 түйе, 800 бас ірі қара сиыр бар. Егін шаруашылығы да біркелкі дамуда. Жалпы, ауыл шаруашылығы — қиын сала. Ауа-райына байланысты. Жер жақсы, жауын-шашын қалыпты болуы керек. Біздің облысымызда малдың жұқпалы ауруы жоқ десек болады. Оның себебі уақытында егу жұмысының жүргізілуі деп білемін. Малды бірдейлендіру, малды сырғалау, малды есепке алу тоқсан сайын жүргізіліп отырады. Қиын шаруашылықтың қатарына жылқы шаруашылығын жатқызар едім. Оның қиындығы оған микрочип салуында болып отыр. Мысалы, қой, ешкі, сиырға, түйеге микрочипті мемлекет өзі берсе, ал жылқының микрочипін екі адам бірігіп сатып алу керек. Қазір осы бойынша кәсіпкерлермен бірігіп жұмыс жасап жатырмыз. 40 пайыз жылқыны бірдейлендірдік. Микрочиппен жұмыс жасау, малды ұстап, оған микрочип тағу да оңайға соқпайды. Бірақ, соған қарамастан, өзіміздің барлық мүмкіндіктерімізді пайдаланып, ешқандай қиындыққа қарамай, жұмысты жүргізіп жатырмыз.

Жиында сөз алған диқан Абдулла Базаралиев аудандағы егін шаруашылығына тоқталып өтті.

— Мен Қызылқұм деген жерде 12 жылдан бері егін егемін. Егін егуде проблема көп. Біз негізінен «Маңғыстау агросервисінен» көмек сұраймыз. Түрлі тыңайтқыштар мен сорғыш аламыз. Сорғыны алу себебіміз біз 45-50 метрден су шығарамыз. Ол соған керек нәрсе. Бізге «Маңғыстау агросервиспен» жұмыс жасау тиімді. Себебі оның 50 пайызын өзіміз төлейміз, ал қалған 50 пайызын мемлекет төлейді. Биыл егінім жақсы шықты. Биыл 3 га қызанақ ектім, одан 350 тоннадай өнім алдым. 14 адам жұмысшы жұмыс жасады. Оларға 4 млн. қаржы кетеді. Қияр өсіретін 4 жылыжайым бар. Мемлекет тарапынан көмек жақсы. Мысалы, селитра аламын, оның 50 пайызын мемлекет төлейді. «Нұрбай» шаруа қожалығының өкілдері де егіншілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктердің көптігін жасырмады. «Нұрбай» шаруа қожалығының егін шаруашылығымен айналысып жүргеніне биыл 17 жыл. Шаруа қожалығы мемлекет қолдауының арқасында құдық қаздырып алған. Қожалық қауын-қарбыздан бастап, көкөністің барлық түрін егеді.

Маңғыстау ауылының айнасы

Аудан шаруаларымен кездесуден соң, экспедиция мүшелері аудан орталығы саналатын Маңғыстау ауылымен танысты. Экспедиция барысында біз ауыл әкімі Қалқатай Өтемұратовпен тілдесіп, ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігін білдік.

— Қалқатай Азанғалиұлы, биыл Маңғыстау ауылына — 50 жыл. Торқалы той құтты болсын! «50 жылда ел жаңа» демекші, ауылда қандай оң өзгерістер орын алуда?

— Біздің ауыл 1966 жылы құрылған. Содан бері қарай, бұрынғы Маңғыстау ғана емес, Маңғыстау 1, 2, 3, 4, 5 деген ауылдар пайда болды. Халқымыздың саны 28 000-ның үстіне шықты. Ауылымызда 4 орта мектеп, мемлекеттік және жекеменшік 11 балабақша бар. Газбен, токпен 100 пайыз қамтылған. Ауызсу мәселесі 40 пайыз шешілді.

— Ауыл халқын жұмыспен қамту мәселесі қалай орындалуда?

— Ауылымызда өндіріс орындары жоқ. Халықтың көп бөлігі бюджет саласы мен теміржол саласында жұмыс жасайды. Маңғыстау 5 елді мекенінде дәрігерлік амбулатория бар. Оның барлығында біздің тұрғындар жұмыс жасайды. 200-дің үстінде кәсіпкерлік нысан бар. Кішігірім дүкен, шаштаразды айтпағанда, 10 үлкен тойхана, 3 үлкен сауда үйі бар. Онда 1000-нан аса тұрғын жұмыс жасайды.

— Ауылішілік жолдың мәселесі қалай шешілуде?

— Ақтау қаласынан келетін, теміржолмен келетін жолаушылардың барлығы біздің ауылмен өтеді. Вокзалымыздың көлік тұрағы кішілеу еді, соны биыл кеңейтуге, содан соң айналма жол салуға қаржы бөлініп, қазір толықтай салынып бітті. Биыл Маңғыстау 1 ауылына ауызсу берілді. Ол жердің өзінде 210-ның үстінде үй бар. Аудандық әкімшілік жағынан жастар алаңы салынды. Қазір барлық мерекелік шара сонда өткізіледі. Жалғыз саябақ бар еді, оны да қайта жаңғыртты. Енді ауылдың басты мәселесінің бірі — ауылішілік жолдар. Тұрғындардың көп талап етіп, сұрайтыны осы жол. Бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Былтыр Маңғыстау 5 елді мекеніне 3х4 шақырым тас жол салдық. Биыл Маңғыстау 2, 3, 4 елді мекеніне 15 шақырым тас жол салыну керек. Оның қазір 3 шақырымы салынып бітті. Қалған бөлігінің жобалық-сметалық құжаты дайын. Көшелерге 2550 көше шамдарын орналастырдық.

— Қазір көптеген аудан, ауылдарда мемлекеттік «Жастар практикасы» жүзеге асырылып жатыр. Аталған бағдарлама Маңғыстау ауылында қалай жүргізілуде?

— «Жастар практикасы» бойынша бізге келіп жатқан жастар көп. Штатымыз болса, шамамыз келгенше алып қалуға тырысамыз. Мысалы, менің аппаратымдағы 12 маманның 6-ы сол «Жастар практикасымен» келгендер. Шама келсе, тұрақты жұмыспен қамтуға тырысамыз. Жыл басынан бері «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы бойынша 200 адамды жұмыспен қамтыдық.

— «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалу барысы қандай?

— Дәрігерлер, мәдени сала, әлеуметтік сала мамандары — «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы келгендер. Жыл басынан бері ауылға 70-80 маман келді. Қазіргі таңда олардың барлығы бір жылдық көтерме жәрдемақысын алып, үй алған, жұмысы да бар.

— Ауылға келген жас мамандарды баспанамен қамту мәселесі қарастырылған ба?

— «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 12 пәтерлі 8 үй, 24 пәтерлі 2 үй салынып, аяқталды. Аталған үй бюджет саласының қызметкерлері мен жетімдер, ардагерлер мен кезекте тұрғандарға берілді. Қосымша 24 пәтерлі 10 үй салынып жатыр. Сонымен қатар, болашақта ауылымызға келетін жастарға арнап 100 орындық жатақхана салуды жоспарлап отырмыз. Қазір оның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Үлкен аурухана салуды жоспарлап отырмыз.

— Бәрімізге белгілі, биыл ауылдағы №1 және №5 мектеп ҰБТ-дан жақсы нәтиже көрсетіп, облыс бойынша үздік ондықтың қатарына ілікті. Аталған мектептердің бұдан басқа қандай жетістіктері бар?

— Оқушыларымыздың жетістігі жақсы. ҰБТ-дан облыс бойынша №5 мектебіміз екінші орын алса, №1 мектебіміз алтыншы орын алды. Осылайша облыс бойынша үздік ондыққа кірді. №5 мектеп оқушылары 5 алтын белгі, 10 үздік аттестатпен бітірді.

— Ауылда тұратын соғыс ардагерлеріне қандай көмек көрсетіліп жатыр?

— 2 соғыс ардагеріміз бар. Оның біреуіне былтыр бюджет есебінен 2 бөлмелі баспана берілді. Оларды назардан тыс қалдырмаймыз. Мереке сайын барып, құттықтап тұрамыз.

— Қалқатай Азанғалиұлы, сұхбатыңызға рақмет!

№5 мектеп — Тәуелсіздіктің жемісі

Маңғыстау ауылына сапар барысында экспедиция мүшелері облыс бойынша үздік мектептердің қатарына 5-%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%bf-%d0%b4%d0%b8%d1%80%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%be%d1%80%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bc%d0%b0%d0%bb-%d1%81%d0%bf%d0%b0%d0%bd%d0%ba%d1%8b%d0%b7%d1%8b-%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b5кіретін №5 мектепке барды. Экспедицияшыларды аталған мектеп директоры Жамал Спанқызы қарсы алып, мектепке шағын экскурсия жасады. Білім ордасының құрылу тарихы Маңғыстау селосындағы №5 жалпы орта білім беру мектебі — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы негізінде салынған білім ошағы. Мектептің ашылу салтанатына 2008 жылы қыркүйекте Маңғыстау облысына іссапармен келген ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысқан.

— «Қашанда білімді ұрпақ — болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры жас ұрпақтың қолында болса, жас ұрпақтың тағдыры бүгінгі ұстаздардың қолында», — деп, Елбасы мектеп ұжымы мен оқушыларына жылы лебізін білдірген. Елбасы мектеп ғимаратының ішін аралап, ұжым мүшелерімен кездесіп, өз шығармаларының жинағын мектеп кітапханасына тарту еткен.

Қазіргі заманға лайықтап салынған мектеп ғимараты жоғары және бастауыш сыныпқа арналған екі бөліктен тұрады. Мектепте екі спорт залы, 350 орындық акт залы, 400 орындық асхана, 64 орындық оқу залы бар кітапхана, спорт алаңдары, 4 информатика кабинеті, 2 мультимедиалық кабинет, арнайы биология кабинеті, тренажерлік зал, 4 шеберхана (тігін, кулинария, ағаш өңдеу, темір жону), медициналық кабинет, психологиялық қызмет кабинеттері бар. Айта кетсек, мектепте ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерін оқу кабинеті жұмыс жасайды. — Облыс бойынша үздік ондыққа кірудің өзі мектеп үшін үлкен жетістік. Біз осы бағытта әлі де аянбай жұмыс жасай береміз.

%d0%b5%d1%80%d1%82%d0%b0%d0%b9-%d0%b0%d0%b9%d0%b3%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d1%83%d0%bb%d1%8b-5-%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%bf%d0%ba%d0%b5-%d0%ba%d0%bb%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d0%b5%d0%bb%d0%b1%d0%b0

Бүгінде білім ошағы құрылғанына аз ғана уақыт болғанына қарамастан, облыс көлеміне танылып, білім беру ұйымдары арасында өзіндік орны бар мекемеге айналған. Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін шығармашылық бағытта 20 үйірме, спорттық бағытта 9 үйірме жұмыс жасайды. Мектепте 156 мұғалім, 1832 оқушы бар. 57 мұғалім жоғары және бірінші санаттағы педагогтар. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» шағын орталығында 100 балғын тәрбиеленуде. Жаз мезгілінде мектеп жанында «Ұлан» жазғы сауықтыру лагері жұмыс жасайды. Әр кезеңде 150 бала демалып, үш кезеңде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан 450 бала жазғы демалыспен қамтылады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 3 алтын белгі, 6 үздік аттестатпен аяқтадық. Биылғы оқу жылына 10 алтын белгі мен 8 үздік аттестатқа үміткерлеріміз бар, — дейді №5 жалпы орта білім беру мектебінің директоры Жамал Спанқызы. Білім ошағы тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 игі іс» ұйымдастырып жатыр.

Айман Оңғарбайқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған