Мұрағат мәселесі талқыланған семинар

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігі 27-28 қазанда «Ашық Үкімет» шеңберіндегі Қазақстан архивтерінің міндеттері» атты республикалық семинар-кеңес өткізді. Іс-шара Алматыдағы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының ғимаратында өтті.

Семинар-кеңестің жұмысына жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлері, республикалық және өңірлік, облыстық мемлекеттік архивтердің басшылары, «Зерде» Ұлттық холдингінің, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері қатысты.

Талқылаудың негізгі мәселесі Министрлікпен әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасының архив ісі мәселелері бойынша кейбір заңнама актілерін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы болып табылады. Жобамен саланы заңнамалық реттеуді жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланған. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған нормалар қарастырылатын болады.

Атап айтсақ, мемлекеттік архивтермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесін кеңейту, сондай-ақ заңды тұлға таратылған кезде жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды және оларды зейнеткерлік қамтамасыз етуге қаражат ұстағаны және аударғаны туралы мәліметтерді архивке тапсыруды қамтамасыз ету міндетін бекіту.

«Электрондық құжаттар қоймасы» сервистік бағдарламалық өнімін енгізу туралы ақпарат кеңеске қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Пікірталас алаңында қолданыстағы ақпараттық жүйелерде (электрондық құжат айналымы жүйесі, ақпараттық порталдар, деректер базасы және т.б.) қалыптасқан электрондық құжаттарды стандарттау, көшіру проблемалары талқыланды. Бұл жобаны 2017 жылдың қаңтар айынан бастап орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда іске асыру жоспарланып отыр.

%d0%b8%d0%b7%d0%be%d0%b1%d1%80%d0%b0%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%b5-020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушы құрамымен бірлесіп  саланы кадрлық қамтамасыз ету және архив ісінің мамандарын даярлау мәселесі талқыланды. Жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік архивтердің архив ісі және құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру туралы ақпаратына, сондай-ақ саланы дамытудың өзекті мәселелеріне жеке назар аударылды.

Кеңес шеңберінде республиканың орталық мемлекеттік архивтерімен архивтік құжаттардың жекелеген санаттарымен (жеке қорлар, дыбыс-бейне құжаттама, ғылыми-техникалық құжаттама) жұмыс жүргізудің заманауи әдістері мен тәсілдері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, жүргізілді.

Талқылау қорытындысы бойынша кеңеске қатысушылармен саланы нормативтік және әдістемелік қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық және ұйымдастыру-практикалық шаралардың, өзекті проблемалар мен мәселелерді, бірінші кезекте электрондық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде шешудің, сондай-ақ халықтың заманауи технологияларды пайдаланып, ретроспективтік ақпарат алуға қолжетімділігін қамтамасыз етудің  қажеттілігі туралы атап өтілді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған