Мұсылманның білуге тиіс сөздері

1. «Биссмилләһ!» –

«Алланың атымен бастаймын», осылайша әрбір ісімізді Алланың атымен бастаймыз.

2. «Әссәләму алейкум уә рахматуллахи уә баракатух»

«Алланың сәлемі, есендігі, тыныштығы мен рахметі болсын». Мұсылманның мұсылманға сәлем беруі.

3. «Аллаһу Акбар» –

«Алла Ұлық» – Алланың ұлықтығын ұлықтайтын жақсы жаңалық болғанда немесе жамандық, қиындыққа ұшыраған сәтте де, мұсылман қауымы осы бір сөзді айтады.

4. «Субханналаһ» –

«Алла кемшілік атаулыдан пәк». Жақсы жаңалық, ғажайыпқа тап болған сәтте айтылады.

5. «Әлхамдулилләһ» –

«Аллаға шүкір», «Аллаға мадақ». Берілген барлық ризық-несібенің Алла Тағаладан келгенін біліп, оған иман келтіру. Оның берген немесе бермеген нәселеріне ризашылық білдіру.

6. «Ма ша Аллаһ»

«Алланың қалағаны болады» – Бұл сөз бір нәрсеге таң қалғанда, ісі оңынан болғанда, қуанғанда айтылады. Қазақтың  «Бәрекелді» дегеніне  мағыналас сөз.

7.«Ин ша Аллаһ»

– «Алла қаласа». Бір істі бастауға ниет еткенде, біреуге уәде бергенде, үміттенгенде айтылады.

8. «Хәсбунәл-лаһу уә ниъмәл- уәкил».

– «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы Көмекші». Қорыққан сәтте, көңілің алаң-елең болғанда, сәтсіздікке душар болғанда айтылады.

9. «Әъузу бил-ләһи минәш- шайтанир ражим».

«Қуылған шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынамын» – деп күмән етіп жатқан ісінен тиылады.

10. «Астағфируллаһ»

– «Алладан кешірім тілеймін». Күнә жасап қойып тәубеге келгенде, Алладан кешірім тілегенде айтылады.

11. «Аллаху Мустаан» –

«Алланың көмегі жеткілікті». Шарасыз күй кешкенде айтылады.

12. «Инна лилләхи уә инна иләйхи раджиун» –

«Бәріміз бір Аллаға тиесіліміз және түбінде Оған қайтамыз». Жақын адамыңды жоғалтқанда, бір кісі қайтыс болғанда айтылады.

13. «Әмин» –

«Дұғамызды қабыл ете гөр»

14. «Баракаллаху фика» –

«Алла Тағаланың разылығы болсын!» – рахмет айту ниетімен қолданылады.

15.«Саллал-лаһу аләйһи уә сәлләм» –

«Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын». Мұхаммед Пайғамбардың есімі жазылған, естіген кезде айтылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған