Мұсылманның білуі міндет болған 40 парызы

Иманда жетеу:

1.Аллаға иман келтіру;
2.Періштелерге иман келтіру;
3.Қасиетті кітаптарға иман келтіру;
4.Пайғамбарларға иман келтіру;

6.Ақырет күніне иман келтіру;
5.Жақсылық пен жамандықты Алла Тағаладан деп, тағдырға иман келтіру;
7.Өлгеннен кейін қайта тірілуге иман келтіру;

Исламда бесеу: 
8.Алладан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік беру;

9.Бес уақыт намаз оқу;
10.Зекет беру;
11.Ораза тұту;
12.Қажылық қылу;

Намазда он екі:
    Алтауы сыртында:
13.Дәретті болу;
14.Денесі, киімі және намаз оқитын жері таза болу;
15.Әурет жері жабық болу;
16.Құблаға қарау;
17.Уақыттың кіруі;
18.Ниет қылу;
    Алтауы ішінде:
19.Тәкбір тахрима, яғни намаз бастағанда Аллаһу Акбар деп, құлақ қағу;
20.Қиям (тік тұру);
21.Қырағат (Құран оқу);
22.Рукуғ (еңкею);
23.Сәжде ету;
24.Соңғы отырыс;

Дәретте төртеу:
25.Бетті жуу;

26.Қолды шынтақпен қоса жуу;
27.Бастың төрттен біріне мәсіх тарту;
28.Аяқты тобығымен қоса жуу;

Таяммумда төртеу: 
29.Ниет ету;

30.Таза жер жынысы болу (тас, құм, топырақ);
31.Бетті сипау;
32.Қолды шынтақпен қоса сипау;

Ғұсылда үшеу:
33.Ауызды шаю;
34.Мұрынды шаю;
35.Дененің барлық жерін жуу;

36.Жақсылыққа шақыру;
37.Жамандықтан қайтару;
38.Хайздан тазалану;
39.Нифастан тазалану;
40.Ілiм алу.

Дайындаған: Х.Аманқұлов

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған