Мұсылман қызы халықаралық математикалық одақты басқарады

Халықаралық математикалық одақтың жаңа директоры болып мұсылман қызы сайланды.

Үкіметтік емес ірі ұйым жетекшілігіне Самира Азиз әлем мемлекеттерінен іріктелген 158 үміткердің ішінен лайықты деп танылған. Сауд Арабиясының жас математигі енді бұл ұйымға алдағы үш жыл бойына басшылық жасайды.

Самира қазірдің өзінде Халықаралық математика одағында бірқатар маңызды шаралар мен фестивальдер өткізуді жоспарлайтынын жариялады. Айта кету керек, С.Азизбен қатар ұйымның басшылық құрамына АҚШ, Үндістан мен Бангладеш елдерінің математика саласы бойынша білікті мамандары енді.

ummet.kz-ақпарат

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған