Мәжілісте отандық БАҚ-ты дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Парламент Мәжілісінде «Үкімет сағаты» аясында депутаттар алдында отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігі және дамуы мәселелері бойынша баяндама жасады.

Министр атап өткендей, министрлік құрылғанда Елбасы тапсырған міндеттердің бірі жаһандық тенденциялар ағымында қазақстандық БАҚ-тың дамуына қолайлы жағдай жасау болғаны белгілі. Осы бағыт бойынша ведомство қазірдің өзінде бірқатар жұмыстарды жүзеге асырды.

«Министрлік мемлекеттік БАҚ саласында телеарналар, радио, баспасөз басылымдары және Интернет сайттар бойынша реформалар жүргізуде. Нақты көрсеткіштер қойылды. Олар сол межеден табылуы тиіс. Басты талап – көрермендер мен оқырмандардың қызығушылығын арттыру», – деді Дәурен Абаев.

Жалпы, бүгінгі күні Қазақстанда 3 мыңға жуық бұқаралық ақпарат құралы тіркелген.

Сонымен қатар, оқырмандардың баспасөз өнімдеріне қызығушылығының азаюына қарамастан, газеттер және журналдар жалпы БАҚ-тың 84% құрайды.

Жалпы көлемнің 9%-ын электрондық БАҚ құрайды. Бұл – 110 телекомпания, 60 радиокомпания, 107 кабельдік оператор және 8 спутниктік хабар тарату операторлары. 7%-ы ақпараттық агенттіктер (41).

Сонымен қатар, Министр депутаттарға отандық БАҚ-ты дамыту стратегиясы жайлы, оның ішінде әзірленіп жатқан ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі заң жобасында көзделген ынталандыру тетіктері туралы баяндап берді.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған