Мәжіліс Төрағасы Қытай Ұлттық күнінің ашылуына қатысты

Мәжіліс үйі. Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері Жиналысы Тұрақты Комитеті төрағасының орынбасары Шэнь Юэ Юэ «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында Қытай Ұлттық күнінің ашылуына қатысты.

Салтанатты рәсім екі елдің мемлекеттік әнұранымен ашылды.

Одан кейін сөз алған Мәжіліс Спикері жиналғандарды Қытай Ұлттық күнінің ашылуымен құттықтай келіп, әлем елдерінің Қазақстанға деген сенімі мен құрметінің айшықты дәлеліне айналған ЭКСПО көрмесін өткізу Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық беделінің және ғаламды деңгейде ойлайтын көреген саясатының нәтижесі екенін атап өтті.

– «Болашақ энергиясы» және «жасыл экономика» тек бірнеше мемлекеттің ғана емес, барша адамзаттың дамуы үшін өте маңызды, өте қажетті мәселе. Сондықтан, біздің көрмеміз осы әлемдік мәселеге өзінің зор үлесін қосады деп сенеміз,-деді Н. Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Президенттің бастамасымен елімізде белсенді жүргізіліп жатқан энергетика саласын жаңғырту жұмыстарының арқасында Қазақстанда қуаты 300 Мегаватт болатын, жаңартылатын энергия өндіретін кәсіпорындар саны 50-ге жетті. Алдағы 2050-ші жылға қарай қажетті электр қуатының тең жартысы осы жаңартылатын энергиядан өндірілмек.

Оған ЭКСПО көрмесінің де ықпалы зор. Өйткені, бұл жерде әлемдік деңгейдегі, болашағы зор үздік жобалар қойылған.

Ал, Қытай елінің экспозициясы осы көрмедегі ең ірі және ең үлкен жұмыстардың бірі. Аталған елдің көрмеге қатысуы – жаңа технологияның дамуына және біздің елдеріміз арасындағы байланысты одан әрі тереңдетуге жол ашады.

Осыдан кейін сөз алған Шэнь Юэ Юэ ханым Қытай елінің ЭКСПО көрмесіне аса қызығушылықпен мән беріп, Ұлттық павильонды дайындауға орасан күш жұмсағанын айтты. Өз сөзінде:

Астана «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу арқылы біз Қытай-Қазақстан достық қарым-қатынастарын нығайтуға, екі ел арасындағы стратгеиялық әріптестік жаңа биіктерге жеткізе аламыз деп үміттеніміз,-деді.

Салтанатты рәсімнен кейін екі елдің Парламент өкілдері мен меймандар Қазақстанның «Нұр-әлем», Қытайдың «Болашақтың энергиясы, Жасыл жібек жолы» атты Ұлттық павильондарды аралап, инновациялық жетістіктермен танысты. (Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі)

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған