Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Қазақстанның намысын Ақтаулық Гауxар Наурызова қорғайды

Ақтаудың тумасы Гауxар Наурызова мәнерлеп сырғанау спорты бойынша Қазақстанның чемпионы.
Гаухар Ақтау қаласындағы №23 орта мектепте білім алған. Спорттағы алғашқы қадамы 2011 жылы «Ақтау» ойын-сауық орталығындағы мәнерлеп сырғанау секциясына қатысудан басталған. Ол алдына мәнерлеп сырғанау өнерінің шыңына жетемін деген мақсат қойып, 2013 жылы Алматы қаласындағы республикалық спорт мектебіне ауысады. 2016 жылдың маусым айынан бастап ол Мәскеу қаласында бапкер Александр Жулиннің командасында жаттығып келеді. 2016 жылдың маусым айында мәнерлеп сырғанаудағы жұбы Байсангур Датыевпен бірге Қазақстан біріншілігін жеңіп алды. Ал, 2017 жылы қаңтарда спорт шеберлігіне кандидат атанды.

Білім күніне орай Гаухар туған қаласына арнайы келді. Өзі оқыған мектепке барып, оқушылармен кездесті. №23 орта мектептің болашақ спортшыны тәрбиелеуге қосқан үлесі мол. Бүгінде бұл білім ордасының  әр оқушысы Гаухарға қарап бой түзеп келеді.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жас спортшымен жүздесіп, алдағы сайыстарға сәттілік тіледі.
Ал, Гаухар өз кезегінде еліміздің спортшыларына әрқашан қолдау көрсетіп келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және мен Ақтауға келген сайын мені жылы қарсы алып, жас спортшыларға көп көңіл бөлетін облыс әкіміне раxмет айтамын. Бастысы мені әрқашан қолдап жүретін жерлестерім – Маңғыстаулықтарға көп раxмет.  Әр сайыс алдында мен олардың қолдауын сезінемін.  Алда өтетін байрақты бәсекеде еліміздің намысын абыроймен қорғауға тырысамын, – деді жас спортшы Гауxар Наурызова.
Қазір спортшы қыз әріптесі Байсангур Датыевпен 2018 жылы Болгарияда өтетін әлем чемпионатына қызу дайындалып жатыр. Жұп xалықаралық жарыста Қазақстанның атынан өнер көрсетеді. Сондықтан, Байсангур Датыев қазір ҚР азаматтығын алу үшін құжаттарын жинақтауда.

Айман Оңғарбайқызы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған