Мәуелі бәйтерек еді…

Қазанама

6 желтоқсан күні Халықаралық «Қазақстан-Zaman» қоғамдық саяси газеті бас директорының бірінші орынбасары, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, «ЕлАна»  қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының Бас редакторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Сәуле Мешітбайқызының анасы Жұмақыз Әбішқызы әжеміз 92 жасында фәниден бақиға көшті.  Тірісінде көпке үлгі болған әжеміз Өз заманында «Батыр Ана» атанған кісі еді. 13 құрсақтан 28 немере, 45 шөбере, 5 шөпшек  сүйіпті. Елге сыйлы  үлкен әулеттің «Алтын құрсақ  Анасы» атанған аяулы әжеміздің артында өнегелі ісі қалды.  «ЕлАна» сайты ұжымы  Сәуле Мешітбайқызы мен туған туысқандарына қайғырып көңіл айтады. Әжеміздің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған