Назарбаев Астанада көп жылдан бері пәтерсіз жүрген тұрғындарға назар аударуды тапсырды

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындық барысына және Астана қаласын дамытуға арналған кеңесте елордада көп жылдан бері пәтерсіз жүрген тұрғындарға назар аударуды тапсырды.

«Пәтер алу кезектері бәрінен бұрын тіркеуге тұру мәселелелерімен байланысты. Бөлек бір ғимараттарда ондаған немесе жүздеген азамат тіркеуге тұрады. Қаланың Оңтүстік Шығысы ауданындағы үйлердің бірінде 1 700-ден астам адам тіркелген. Тек бір ғана үйде осыншама адам тіркеуге енгізілген. «Пригородный» шағын ауданында орналасқан жатақханадағы бір бөлмеде 1 200 адам тікелгені мәлім болды. Әрине, бұл адамдардың сол бөлмелерде тұрмайтыны белгілі. Алайда тіркеліп, мемлекеттік баспанаға үміткер ретінде белгіленді», – деді Президент.

Мемлекет басшысы әлеуметтік тұрғыда аз қамтылғандар арендалық баспананы алуы тиіс екенін жеткізді. Президент басқа санаттағылар түрлі тұрғын үй бағдарламаларына қатысу қажет екенін, осы орайда тұрғын үй жинақ жүйесіндегі, несиелік және ипотекалық бағдарламаларға қатысқандығы дұрыс болатынын атап өтті.

«Шын мәненде басқа өңірден келіп, бір бөлмеге мың адам тіркеуге тұрады. Нәтижесінде, бір ай бұрын алыстан келген біреуге пәтер беріледі. Ал бұрыннан осында жұмыс істеп, біртіндеп ақша жинаған Астана тұрғындары пәтер алмай, әлі де жүр», – деді Мемлекет басшысы.

ҚазАқпарат.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған