Намаздың сиқыры

Жаймашуақ күндердің бірінде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешітте отыр еді. Жанына бір адам келіп жайғасты да:
«Ей, Алланың расулы, мен күнә жасадым, мені жазалаңыз», – деді. Алла елшісі үн қатпады. Әлгі кісі айтқанын тағы да қайталады. Осы арада намаздың уақыты болып, жамағат намаз оқыды. Намаздан кейін жаңағы адам тағы да жабыса кетті. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәл кідіріп оған қарады да: «Үйіңнен шығарда жақсылап дәрет алып па едің?» – деп сұрады.

–  Иә, жақсылап дәрет алғанмын.

–  Жаңа бізбен бірге намаз оқыдың ғой?

–  Иә, оқыдым.

Сонда Нәби:

–  Онда Алла сенің күнәңді кешті, – деді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған