Неге суық емес, жылу су ішу керек?

Адам күнде бірнеше стақан су ішуі керек дегенді сан мәрте естіген боларсыз. Біле білсеңіз, бұл өте пайдалы әдет. Алайда көп адам жылы судан гөрі суық су ішкенді жөн көреді. Ал шын мәнісінде суық судың адам денсаулығына тигізер зияны көп екен.

Ас қорыту жүйесіне әсері

Суық судың әсерінен тамақтың құрамындағы майлар қатайып, салдарынан ас қорыту процесі баяу жүреді.

Ал жылы су, керісінше, тағамның жылдам ыдырауына көмектеседі, сол арқылы іш қатуға жол бермейді.

Тыныс алу жүйесіне әсері

Суық судан шырыш бөліп, тыныс алу жүйесінің ауруға шалдығу қаупін жоғарылатады.

Ал жылы су, керісінше, тамақты жұмсартып, тітіркенуді болдырмайды. Тыныс алу органдары ауырған кезде немесе күнде таңертең жылы су ішкен пайдалы.

Қантамырлар жүйесіне әсері

Суық судан қан тамырлары тарылады. Ал жылы су ішкен кезде кеңейіп, нәтижесінде қан айналымы жақсарады. Осының арқасында ағзаңыз токсиндерден анағұрлым жылдам құтылады.

Жүйке жүйесіне әсері

Бас ауруының пайда болуына көбіне төмен температура себеп болып жатады. Дәрігерлер жүргізген зерттеуге сүйенсек, суық су бас сақинасымен ауыратын адамдардың ауруын одан әрі ушықтырып жібереді екен.

Ал жылы су, керісінше, ауруды басады.

adme.ru сайтынан аударылды

Baq.kz 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған