Некеңіз берік болуы үшін…

Қазірге кезде отау құрған көптеген шаңырақ  ортасына түсіп жатқаны бәрімізге анық. Мәселен:

2015 жылы 148 769 неке тіркелсе,

2014 жылы 159 328,

2013 жылы – 168 417,

2012 жылы – 164 681 тіркеуге алынған.

Ал ажырасқан отбасыларға қатысты статистика былай сайрайды:

2015 жылы – 53 293,

2014 жылы – 52 673,

2013 жылы – 51 482,

2012 жылы – 48 513 ажырасу дерегі тіркелген.

Осы орайда, некені берік етіп, өздерінің бақытты болулары үшін нені білу керегін айта кетейік:

  1. Тым талапшыл болудан аулақ болыңыздар.
  2. Қандай мәселе болмасы, ортаға салып, ақылдасуды ұмытпаңыздар.
  3. Бір-бірлеріңізді бағалап, құрметтеп жүріңіздер. Құрмет қашан да қырға шығарған.
  4. Жанұядағы ортақ сырды жаюдан сақтаныңыз.
  5. Салыстырудан аулақ болыңыздар. Салыстырғаннан ешқандай пайда ұтпайсыздар.
  6. Махаббат пен сыйластықты қатар ұстаңыздар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған