НЕЛІКТЕН ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (С.Ғ.С) ДҮЙСЕНБІ МЕН БЕЙСЕНБІ КҮНДЕРІ АУЫЗ БЕКІТКЕН?

 Аптаның дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстаудың үкімі – сүннет, яғни Мұхаммедтің (с.ғ.с.) істеген іс әрекеті. Айша анамыздың айтуы бойынша пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстауға аса мән берген[1]. +

Осы екі  күні апталық істеген істеріміз Аллаға ұсынылып, Оның құзырына көтеріледі. Пайғамбарымыздың аталмыш екі күні арнайы ораза ұстауының себебі сол. Алла елшісі өзінің бір хадисінде бұл жайында былай дейді:

  • Дүйсенбі күні мен бейсенбі күні (апталық)істеген істер Аллаға ұсынылады. Менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын»[2]
[1]Тирмизи, Саум – №745 хадис.
[2]Тирмизи, Саум – №747 хадис.

Абдусамат Қасым

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған