Не тілесе де беремін

Алла Тағала былай деді:

«Құлым өзіне парыз етілген құлшылықтардан өзге Мен үшін ұнамды ешбір іспен  Маған жақындаған емес. Сондай-ақ ол қосымша нәпіл ғибадаттарын жасаған сайын Маған жақындай түсіп, ақыры сүйіспеншілігіме бөленеді.

Ал егер Мен оны жақсы көрсем, оның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы және жүретін аяғы боламын. Ондай құлым не тілесе де беремін. Маған сыйынып, пана тілесе, міндетті түрде қорғаны боламын».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған