Ноғайбай ауылында көпфункционалды бос уақыт өткізу орталығы ашылды (Фото)

Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапары барысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Ноғайбай ауылындағы көпфункционалды бос уақыт өткізу орталығының  ашылуына қатысты. Маңызды әлеуметтік нысан «Ноғайбай» ЖШС басшылығының қаражатына салынған. Енді жаңа орталықта тұрғындар түрлі шараларды өткізе алады. Сондай-ақ, мұнда ғаламтор желісі қосылған компьютерлермен жабдықталған кітапхана бар. Ауыл тұрғындары үшін ыңғайлы қонақ үй бөлмелері де ұйымдастырылған.

                         img_3078   img_3189

Таспаны салтанатты кесу рәсімінен соң, өңір басшысы ғимаратпен танысты. Ерік Сұлтанов ашылу салтанатының құрметіне кітапханаға кітап жинағын сыйлады. Жаңа орталықта облыс әкімі Қарақоға ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

                         img_3317   img_3217

Ерік Сұлтанов Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, өңірдің маңызды әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды. Бұдан бөлек, облыс әкімі ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға зор басымдық танытылатынын атап өтті.

                                img_8631    img_3461

«Ноғайбай» ЖШС ауылдарыңызды абаттандыруда үлкен жұмыс атқарып келеді. Биыл агроқұрылым өз қаражатына көшелерге асфальт төсеу, жарықпен қамтамасыз ету, әр үйді сумен жабдықтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.

img_3456

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге аса үлкен назар аударылады. Футбол алаңы салынды. Жаңа орталық ауыл тұрғындарының өміріне оң әсерін тигізетініне сенемін», – деді Ерік Сұлтанов.

                       img_3265    img_3277

Iс-шара барысында облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қосқан елеулi үлесi және қоғамдық өмiрге белсендi араласқаны үшiн және Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеуге байланысты облыс әкiмiнiң Құрмет грамотасымен 4 ауыл тұрғыны марапатталса,  тағы 8-іне Алғыс хаттар табысталды.

 img_3312

«Біз ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз. Сіздер бұрын судың, жолдың, техниканың болмағанын білесіздер. Бүгін бізде мұның бәрі бар, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы дамып, техника жаңартылды. Осының бәрі Елбасының сарабдал саясатының арқасында мүмкін болып отыр. Біз өз кезегімізде ауылымызды аббаттандыру үшін еңбек етудеміз», – деді «Ноғайбай» ЖШС директоры Алтынбек Сапаров.

                        img_3442   img_3262

                        img_3439   img_3358

Жиын барысында ауыл тұрғындары да өз тілектерін, құттықтауларын жеткізді. Іс-шара облыс орталығының шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарламаға жалғасты.

СҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған