Н.Нығматуллин: «Ғылым мен технология саласында фин тәжірибесі біз үшін маңызды»

Парламентаралық диалогты нығайту – Қазақстан мен Финляндия арасындағы өзара сенім мен жан-жақты ынтымақтастықтың, халықаралық дипломатияның маңызды құрамдас бөлігі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндия Республикасына ресми сапары барысында айтты.

Хельсинкиде қазақстандық мәжілісмендер Финляндия Парламентінің спикері Мария Лохеламен келіссөз өткізді. Сондай-ақ, Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының басшылығымен кездесіп, «Отаниеми» технопаркін аралады.

Н.Нығматулиннің айтуынша, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолындағы ауқымды реформаларын жүзеге асыру бағытында қазақстандық парламентарийлер үшін фин әріптестерінің инновациялық дамуды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, білім жүйесін жетілдіру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, ғылыми және іскер топтардың ынтымақтастығы мәселелеріндегі тәжірибесі өте маңызды.

М.Лохеламен әңгімелесу кезінде Мәжіліс спикері екіжақты қарым-қатынастың тұрақты дамуына назар аударды.

Қазақстанның Финляндиямен өзара қарым-қатынасын жоғары бағалаған М.Лохела парламенттік комитеттер арасында ынтымақтастықты жандандыру қажеттілігіне тоқталды.

Н.Нығматулин халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің шешімін табу үшін халықаралық парламенттік ұйымдар аясында іс-қимылды үйлестіруге дайын екенін білдірді.

Бұған қоса, Мәжіліс спикері Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, сондай-ақ келесі жылы аталып өтетін Финляндия Тәуелсіздігінің 100 жылдығы мен қос ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуының маңыздылығын атап өтіп, әріптесін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Дереккөзі: Baq.kz 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған