Облысымыздың әкімі А.Мырзахметов мырзаға,алғысымыз шексіз!

Бүгін облыс орталығынан жақсы хабар естіп көңілім көтеріліп қалды.Ауданымызға 20 шілдедегі келген сапары қорытындысымен шыққан “Знамя труда” газетінің 21 шілдедегі санында облыс әкімі А. Мырзахметовтың :- Мы установили цену за подключение к газу в размере 82 тысячи теңге. Кто -нибудь проинформировал жителям об этом?- деп, аудан атқамінерлеріне қойған сауалы бойынша лауазым иелері әлі үн-түнсіз. Бүгін облыстағы жауапты басшылардың біріне телефон арқылы хабарлассам, 82000 теңге- әр үйге газды кіргізу бағасы екендігін анық айтты. Алдыменен 42000 теңгені төлеп, қалғанын бөліп -бөліп кейін төлеуге болатынын айтты. Пешін өзіміз сатып алсақ 200000-250000 теңгенің көлемінде ғана шығындалады екенбіз…. Киелі Шу өңірінің тумалары: – Б. Нұркенов, Е. Өмірәлиев, Е. Даберовтер қарапайым халыққа Асқар Исабекұлы секілді жақсылық жасаудың орнына жұртшылықтың қалтасын қағатындай күмәнді жолмен өздері әкелген “Париев” ЖШС- інің 800,0-900,0 мың теңгеге дейін қоржынын толтырып келген жоқ-па? Ол аздай, құрылыс-монтаж жұмыстарын сапасыз жүргізгендіктен 11 ақпанда “Жандос” дүкені алдында жарылыс та болды… Ертеңгі күні менмеңсіген мердігерді қолдаушы үш мырза жерлестерінің бетіне қалай қарар екен. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын дегендей, Асқар Исабекұлы .Мырзаахметов мырзаға, алғысымыз шексіз!

 

Мәкен Уақтегі  фб парақшасынан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған