Ол гүлдi өзiм деп сезiнетiнмiн

80-дерге келген ерлi зайыпты сотқа ажырасу жөнiнде өтiнiш бiлдiрдi. Жасы ұлғайып қалған отағасы үндемей мұңайып тұр. Апаның да жанарынан көп жылағаны байқалады. Бұл iстен шаршап шалдыққаны айдан анық.
Сот өкiлi бiрiншi боп апаға сөз бердi:

– Апа, нелiктен ажырасқыңыз келедi? Себебiн айта аласыз ба? Апа орамалының ұшымен аққан жасын сүртiп тұрып:

– Мына кiсi 50 жыл бойы менi қинап өттi-бұдан артық шыдай алар емеспiн.
Сот залында бiр сәтке үнсiздiк орнады.Үнсiздiктi осындай хабарларды бас мақала жасайтын бiр журналистiң фотоаппаратынан шыққан жарқыл бұзды. Әрине мұндай сот iсiн көптеген журналистер қалт жiбергiсi келмейдi. Елу жылдық отаудың шаңырағы неге шайқалды екен?

Апаның жанары жасқа толып,сөзiн былайша жалғастырды:

«Бiздiң қатты жақсы көретiн iнжу гүлiмiз болатын. Елу жыл бұрын едi… Бұл гүлдi күйеуiм әкеп бергендi. Тұқымын алып,сүйiспеншiлiкпен оны өсiре бастадым. Өкiнiшке орай, балаларымыз болмады, осы гүлдi “балам” деп бiлдiм. Уақыт өте гүл сола бастады, сол кезде күннiң алғашқы сәулесiнен бұрын гүлдi суарып тұрамын деп уәде бердiм, гүлге пайдалы екенiн естiген едiм. Кешегi түнге дейiн елу жыл бойы мына адам тәттi ұйқысын бiр бөлiп, бұл жолы гүлдi мен суарайын демедi. Сол түнi тағатым таусылып ұйықтап қалыппын.  Мен осындай адаммен елу жыл өмiр сүрдiм.Үмiтмдi,өмiрiмдi тек бiр өзiне арнадым. Бiрақ одан еш қайыр болмады. Өмiрiнде бiр рет болсын менiң атқарып жүрген мiндеттерiмнiң бiреуiн атқарғанын қаладым. Шүбәм жоқ, ант етейiн онсыз өмiр сүргенiм жақсырақ.

Сот бұрылып:

– Айтатыныңыз бар ма қария? – деп сұрады. Таяқпен зорға жүрген қарт кiсi айыпқа тартылғанынан болса керек ұялған сыңаймен сотқа бет бұрды.

– Сарбаздық борышымды Жоғары палата резиденциясында бағбан ретiнде өтедiм. Бақшаның көркем әрi ғажап көрiнiсi үшiн аянбай, қажымай еңбек еттiм. Жұбайыммен де сол жерде таныстым. Гүлмен де… Оған гүлдердiң ең әдемiсiнен бiр гүл шоғын бердiм. Жоғарғы палата резиденция бақшасы iнжу гүлге толы едi. Жұпар исi баурап, жүректi елжiретпей қоймайтын.. Үйленген кезiмiздiң алғашқы күндерi едi…Әйелiмнiң мойны аурып дәрiгерге апардым. Дәрiгер: “Егер көп уақыт оянбай ұйықтаса мойнындағы шемiршек қатайып жаман боп кетедi. Түнде ұйқысын бөлiп оянсын, бiраз жүрсiн” дедi. Әйелiм дәрiгердiң айтқанына құлақ аспады. Менiң де сөзiмдi тыңдамады. Бақытыма орай, гүлiмiздiң солып қалуы сол кезге сәйкес кеп қалды. Мен:

“Түнде суарсаң жақсы боп кетедi” дедiм. Сөйтiп уәде бергiздiм. Түн сайын оны өзiм оятып тұрдым. Одан көз алмай қарап жататынмын. Жақсы көретiн әйелiмнiң баласындай көретiн гүлдi суарып жатқанын көру бiр ғажап едi. Ол гүлдi өзiм деп сезiнетiнмiн. Мүмкiн содан шығар ол гүлге табынуға да болар едi»

Ешкiм мұндайды қариядан күтпеген едi. Қария сөзiн жалғастырды:

«Әрбiр түн ұйқыға кеткенде мен тұратынмын. Гүл құмырасындағы суды босатып қайта жататынмын. Iнжу гүлiн түнде суаруға болмайды, сот мырза! Өткен түнi де, қарттық болар, менде ояна алмадым, оны да оята алмадым. Гүл сусыз қалғаны жақсы-ау, бiрақ сүйiктiмнiң мойны қайтадан нашарлап қалуы мүмкiн едi-сол үшiн кiнәлiмiн. Тiл қатпадым».

Сол сәт сот залын қайтадан үнсiздiк басты.  Қарт кiсiнiң сезiмi алдында бас иiлдi.

 М.Кемел

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған