«Отанды сүю- иманнан»

Адамзаттың асыл діні Исламда Отанды сүюге,оған қалтқысыз қызмет етуге айрықша мән берілген.Алла Тағала адам баласын ұлттар мен ұлыстарға бөлген.Яғни,әр ұлттың өз Отаны бар.Қасиетті Құран Кәрімде.
«Ей адамдар! Шүбәсіз сендерді бір ер,бір әйелден (Адам,Хауадан) жараттық. Сондай-ақ,бір-біріңді тануларын үшін сендерді ұлттар, ұлыстарға бөлдік.Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші,әр нәрседен хабар алушы».
Жаратушы Иеміз дінін,салт-дәстүрі мен мәдениетін толық түсінуі керек.Демек,берекелі бірліктің кілті-ұлттар арасындағы тығыз байланыста жатыр. Отанды сүю –өз от басыңды,барша адамзат баласын сүю.Отанды сүю барша мұсылманның борышы.Туған-туыстардың,отбасы мүшелерінің аман саулығын Алладан қалай тілесек,Отанның да есендігін,тұтастығын әркез дұғаға қосуымыз керек. Себебі,Отанымызда бірлік болмаса,біздің тірлігіміз де түзу болмақ емес. Дана халқымыз «Отан үшін отқа түс,күймейсің»дейді. Ал Ислам дінінде Отаныңды,дініңді,ар-намысыңды,жаныңды һәм дүниеңді қызғыштай қорғау міндеттеледі.
Алла Тағала «Әсіресе,жұрттарынан,малдарынан қуылғандар,Алладан мәрхамед ризалық іздеп,Аллаға,оның елшісіне көмек еткен пақыр мұһажірлер үшін,міне солар шыншылдар»-деген.Бұл аятта Жаратушы Иеміз өз жерін Отанын тастап кеткен сахабаларды айтып отыр.
Яғңи,өз туған жерін тастап кету өте қиын.Алла тағала аталмыш аятта сахабаларға жерін,Отанын тастауға бұйырған сәтте олар мұның қаншалықты қиын екенін білсе де,сезсе де,Аллаға қарсы шықпады. Сондықтан Алла оларды «Шыншылдар» деп мадақтап отыр.Осы аяттарда «Отан» деген сөз жұрттан шығып жерін қалдыру деген мағнамен астасып жатқаны айтасада түсінікті.Кімде –кім туған жеріне опасыздық жасайтын болса Алланың қаһарына ұшырайды.Сондай-ақ,ауыр күнә жасағандарға жасалатын жазаның бір түрі –жерден айдалу,яғни,Отаннан қуылу.Түсінген адамға бұдан асқан қасірет жоқ.Алла Тағала басқа бір аятында сүйікті болған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден шығып, өз жерін, Отанын тастап бара жатқаны көңіліңе
қатты әсер берді.Сонда Алла Тағала Құран Кәрімде мынандай аят түсірді. «Саған Құранды парыз еткен Алла,әрине сені оралар жеріңе (Меккеге) қайтарады» деді.
Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар Терликбаев Баян және Бейсенбаева Дамелі апа, т.б. Аманбай Ержан Мақанұлына «Мусылмандар қанша топқа бөлінеді?», «Рамазан айы» туралы сұрақтар қойылып пікірталас пен
сұрақтарына жауап алды. Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар
Аманбай Ержан Мақанұлының айтылған уағыз әңгімелеріне риза болып,алғыс білдірді.

ЕлАна қоғамдық-танымдық сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған