«Отбасы оқырмандар клубы» өз жұмысын бастады

Кітап – рухани сарқылмас қазына. Білімнің қайнар бұлағы – кітап деп бекер айтпаған. Кітап дегенде, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен, біреулер адам өміріңдегі  маңызы тәрбиелік құрал, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Сондықтан да кітаптарды адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емесі айқын.

Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы  тәрбие құралы – кітап. Ал адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта – кітапхана. Осыған орай жақында Атырау өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа бағытта жаңа қадам жасап, жаңа жобаны жүзеге асырды. Мектеп директорының бастамасымен оқу орны қабырғасындағы кітапханада тек  оқушылардың  ғана емес, сондай-ақ олардың ата-аналары  мен  отбасы мүшелерінің  жаппай кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында – «Отбасы оқырмандар клубы» өз  жұмысын бастады. Ресми тұсауы кесіліп, өз қатарына әр Шаңырақ  оқушылар  қауымдастығынан бір-бір ата-ананы  мүшелікке алған  жаңа клуб енді ай сайын зияткерлік мектепке өз қатысушыларын жинайтын болады. Кездесу барысында клуб мүшелері белгілі әдеби шығарма бойынша талдау жасап, сахналық  қойылымдар арқылы оқушыларға кітаптың  құндылығын дәріптейді. Атап өтетін болсақ, бұл мектеп кітапханасы жанынан ашылған екінші клуб.

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-2 Осыдан екі жыл бұрын  құрылған «Timeless» оқырмандар клубы балалардың арасында  кітапқа деген қызығушылықты  арттыру мақсатында құрылса,  жаңа « Отбасы оқырмандар клубы» ата-аналардың  арасында  кітап  оқуды  насихаттайтын болады. Қызықты викториналық  сауалдармен жалғасын тауып, жаңа клубқа төл белгінің  дизайнын  құрған клуб  мүшелері алдағы  уақытта көбеймек.

«Артық  білім кітапта, ерінбей оқып көруге » – деп қазақтың Ұлы ақыны Абай айтқандай, адам баласы үшін  кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына  бала кезінен  бастап, өмірінің соңына дейін сырлас дос, ақылшы серік болып қала бермек.

Бақытгүл Шахабаева,

                                                               Атырау қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушы-тәлімгері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған