“Отбасы құндылығы- сарқылмас қазына”

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен Тараз қаласы әкімдігінің бірлесуімен «Отбасы құндылығы- сарқылмас қазына» атты тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілдіЖиынды Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай салтанатты түрде ашып, ҚР тұңғыш Президентінің Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп белгіленгенін айтып, «Отбасы күні» мерекесімен Тараз қаласының тұрғындарын құттықтап өтті. Ал, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ербол Дүйсенбаев Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы екенін жеткізіп, отбасы құндылығы жөнінде әңгіме тиегін ағытты. Іс – шара соңында концерттік бағдарлама қойылып, балалардың аспанға тілек шарларын ұшыруларымен аяқталды.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған