ОҚО: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан 21 туристтік нысан салынады

  Оңтүстік Қазақстан облысы аумағынан өтетін «Батыс ЕуропаБатыс Қытай» транзиттік автодәлізініңбойынан жолаушыларға қызмет көрсететін 21 туристтік нысан салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық Сәулет және қала құрылыс басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов мәлім етті.

Оның айтуынша, сервистік қызмет көрсететін әрбір туристік нысанға «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» бойынан шамамен 10 немесе 20 гектар жер бөлінетін болады. Бүгінде халықаралық стандартқа сай келетінтуристік қызметтердің құру жөніндегі жоба егжей-тегжейлі жоспарланып жасалынуда.9a17bc2e-b760-4567-b269-df9ee4281771

Сонымен қатар, брифингте сөз алған «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бас инженері Мыңжасаров Нұрбол «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің облыс арқылы өтетін бөлігінің ұзындығы 372,5 шақырымды құрайтынын атап өтті.

«Облыс аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәлізінің  бөліктері 2016 жылы Шымкент-Тараз, 2017 жылы Шымкент-Ташкент бағыттарының құрылысы толығымен аяқталуы жоспарланған. Осыған орай, қазіргі таңда, жол бойындағы құрылыстардың заңдылығын сақтауды бақылау және реттеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынан бөлінген белдеу шегінде (70м.) ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады»,-деді Н.Мыңжасаров.

Брифингте мәлім болғандай «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» дәлізінің бойында 440 қызмет көрсету нысандары орналасқан болса, оның ішінде, 348 нысан халықаралық стандартқа сай салынбағаны анықталған. Бұдан бөлек, халықаралық көлік дәлізінің бойында (үш бағытта) 18 елді мекен, яғни, 500-ден аса жеке тұрғын үйлер мен 41 жанар-жағармай құю бекеттері орналасқан.

Осындағы жеке тұрғын үйлердің қас-келбеттерін жаңалау мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар енгізіліп отыр. 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін  Ұлттық стандартқа сәйкес барлық нысандардың құрылыс заңдылықтарын сақтай отырып, талапқа сай болуын қамтамасыз ету көзделуде.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған