ОҚО-дан Астанаға 262 тонна көкөніс керуені жол тартты

Астанада 13-14 мамыр аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.  Осыған орай облысымыздың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері құны 135,6  млн теңге болатын 262 тонна көкөніс керуенін Астанаға жөнелтті. Оның ішінде жылқы еті –  22  тонна, күрке тауық еті – 15 тонна, ұн өнімдері – 10 тонна, қызанақ – 71 тонна, қияр –  71 тонна, сүт өнімдері – 7 тонна, шұжық өнімдері – 3 тонна, балық өнімдері –  3 тонна, қымыран – 1 тонна, 10 мың дана жұмыртқа бар.dsc_7108  img_8915dsc_7109

     «Саяси маңызы бар шараны жоғары деңгейде өткізуге еліміздің барлық облыстары қызу дайындалып жатыр. Оңтүстік  өңірі  де  өз үлесін қосуда. Мына бүгінгі шара соның айқын дәлелі.  ЭКСПО көрмесіне Оңтүстіктің шаруалары алғашқы өнімдерін жөнелтіп отыр. Өнімдерді Астанаға жеткізу үшін тоңазытқыштармен қамтылған 25 көлік сақадай сай тұр», – деді облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов.  img_8922

       Оңтүстік Қазақстан облысы ЭКСПО  көрмесі аясында  6 рет  жәрмеңке өткізеді. Осы аралықта Оңтүстіктің шаруалары ауыл шаруашылығы өнімдерінің 28 түрінен 12 мың 976 тонна  тауар жөнелтеді.  Бұл мақсатта облыстан 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары іріктеліп алынған. img_8898

Айта кетейік, отандық өнімдеріміз қала тұрғындары мен қонақтарға жәрмеңке түрінде ұсынылатын болады.  

  

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған