ОҚО-да жыл соңына дейін 116 нысан ел игілігіне берілетін болады

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 209 нысанның 116-ын пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Соның ішінде 1 қыркүйек күні 20 мектеп ел игілігіне берілмек. Аталған 209 инвестициялық жобаның іске асырылуына 64,9 млрд. теңге бағытталған. Бүгін бұл туралы облыс әкімі Ж. Түймебаевтың қатысуымен өткен селкторлық отырыста облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті.

Құрылысы жоспарланған 209 нысанның 93-і 2018 жылға өтпелі. Атап айтқанда, 79 білім беру нысаны, 38 денсаулық сақтау нысаны, 1 әлеуметтік қамту, 3 спорт, 4 мәдениет, 1 ауыл шаруашылығы, 1 ішкі істер органның, 1 мұрағат, 2 абаттандыру, 1 қоршаған ортаны қорғау, 57 тұрғын үй және 21–инженерлік-коммуникациялық нысанның құрылысы жоспарланған.

«Білім беру саласына жалпы 79 (76 мектеп, 1 мектеп-интернат, 2 колледж) нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізуге 31,2 млрд. теңге бағытталған, оның ішінде ұлттық қордан – 17,4 млрд. теңге қаралып, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 32 мектеп құрылысын жүргізу жоспарланған. 32 нысанның 19-ы 2016 жылдан өтпелі болып, 19-ын пайдалануға беру жоспарда бар. Бүгінгі күнге 4 нысан пайдалануға берілген. 2017 жылы құрылысы жоспарланған 13 мектеп 2018 жылға өтпелі», – дейді Құттыбек Рахматуллаұлы.

Сондай-ақ 2016-2017 оқу жылдарында облысымыздағы 94 білім беру нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал биыл аудандық, қалалық бюджет есебінен 43 мектеп пен 2 балабақшада күрделі жөндеу жұмыстарына 2,6 млрд теңге қаралған. Бүгінгі таңда 45 білім беру нысанының 36-сында күрделі жөндеу жұмыстары жүруде. Қалған 9 нысанда мемлекеттік сатып алу конкурысы өтуде. Осы мәселелерге тоқталған облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Р. Ергашова Сарыағаш ауданындағы 15 білім беру нысаны мен Түлкібас ауданындағы 4 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары келесі жылға өтпелі болып отырғандығына тоқталды.

 «Облысымыздағы барлық мектептердегі күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары оқу маусымы басталғанша бітуі тиіс. Құрылыстың сапалы әрі мерзімді аяқталуына мән берілуі керек. Сондай-ақ жобалау сметалық құжаттама жұмыстарын тездетіп бітірудің жолдарын қарастырған жөн. Бұл ретте аудан әкімдері әр апта сайын атқарылған жұмастардың нәтижесін баяндап отыратын болады», – деді Жансейіт Қансейітұлы. 

Селекторлық жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұхан Егізбаев сөз алып, қазіргі таңда 5 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.

Бұдан бөлек, 34 нысанның жобалау сметалық құжаттамалдары әзірленуде. Бұл жұмыстарға 3,8 млрд теңге бағытталғалы отыр.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған