ОҚО-да кооперативтер үшін қайтарымсыз ақша берілмек

Оңтүстік Қазақстан облысы шаруалары инвест-субсидия алып, қайтарымсыз ақшаға қол жеткізе бастады. Аталған жүйенің артықшылығы – инвест-субсидия лизинг бойынша алғашқы жарна ретінде қабылданып, жабдықтың өзі кепілзат бола алады. «ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығының мамандары кооперативтерге ұсынылатын осы және өзге де жеңілдіктер туралы ақпарат беру үшін Шардара, Мақтаарал аудандарында көшпелі семинар кеңес өткізді.e7e2700cbaaf72fa1e0ab81b4964e711

Шараның мақсаты –  кооперативтерді несиелендіру бойынша жасалынған бағдарламалардың мән-жайын түсіндіріп, қаржылай қолдау көрсету.

Семинарға Шардара ауданы әкімдігінің басшылық құрамы,  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары, «ОҢТҮСТІК» АИО жобаларды жүзеге асыру департаменті,  «Ырыс» МҚҰ-ның ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының аймақтық өкілдері қатысып, шаруаларға кооперативті қалай ашу және оның жұмысын әрі қарай қалай жүргізу керектігі жөнінде түсініктеме берді.

«ОҢТҮСТІК» АИО жобаларды жүзеге асыру департаменті директорының орынбасары А. Сауранбаевтың айтуынша, кооперативтер жабдықты лизингке алу арқылы жабдықтың ерекшелігіне қарай инвест-субсидия алып, қайтарымсыз ақшаға қол жеткізе алады.

«Мұның артықшылығы – инвест-субсидия лизинг бойынша алғашқы жарн20170222124317а ретінде қабылданып, жабдықтың өзі кепілзат бола алады, – дейді ол.

Кездесу барысында шаруалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандар арқылы тұшымды жауаптарын алды.

Кезекті семинар Мақтаарал ауданында өтіп, кәсіпкерлік бөлімі, қаржы орталықтарының өкілдері қатысушыларға кооператив құрудың артықшылықтары, кооперативтерді қаржыландыру, Мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялардың көлемі жөнінде және коопертивтерді ашу механизмі жайында толық мәлімет берді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған