ОҚО-да көктемгі су тасқыны болу қаупі жоқ

Оңтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны болу қаупі жоқ. Алайда алдын алу және дайындық шаралары қатаң бақылауда болуы тиіс. Бұл туралы Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішін əуеден бақылап, Сырдария, Арыс өзендерінің  аңғарын шолып шыққан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. 4e021ad2-f673-4c1d-bc3f-9dd5c93ada67

Өңірдегі өзен аңғарлары мен су қоймаларының жай-күйімен танысқан аймақ басшысы   Отырар ауданында Түркістан және Арыс қалалары мен Шардара, Отырар ауданы əкімдері мен облыстық деңгейдегі сала жетекшілерінің қатысуымен көшпелі жиын өткізді. Жиында су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы тыңдалды.

Тасқын судың алдын алу бойынша тиісті шараларды тыңғылықты орындауды жүктеген облыс басшысы ұсынылған жобаларды кеңінен талқылап, жасанды су қоймаларды жасау үшін аэроғарыштық түсірілім әдістері арқылы зерделеуді және бұл жұмысқа ғалымдарды да жұмылдыру қажеттігін атап, нақты тапсырмалар берді.2b3740cf-9df1-4a2e-b2e5-ef8ee4485dfa

«Келешекте су тасқынының болдырмау және көктемгі мезгілдегі тасқын суларды тиімді пайдалану үшін табиғи ыңғайлы сайларды тоған ретінде қолдануға, тиісті бөгеттерді салуға қала, аудан әкімдері мен тиісті мекемелер нақты ұсыныстар енгізсін.Тасқын болуы мүмкін өзен аңғарларына жақын маңға қора салынбауын да қадағалау қажет»,- деді Жансейіт Қансейітұлы

Қазіргі таңда тасқын судың алдын алу үшін Шардара, Отырар, Арыс аудандары мен Түркістан қаласы аумағында  4300 метр уақытша қорғаныс дамбалары тұрғызылып,  44500 дана құм толтырылған қаптар қойылыпты.  Осы жұмыстарға жергілікті атқарушы органдардан 400, төтенше жағдайлар департаментінен 195 адам және 72 техника жұмылдырылған.  18611a6a-731f-4e3e-8477-a11f9770f91b

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісовтің айтуынша,  467 адам, 60 арнайы техника және 10 жүзу құралдары дайындыққа келтірілген. Бұл жергілікті атқарушы органдарымен Сырдария өзенінің арнасына Өзбекстан Республикасынан секундына жалпы көлемі 1500-ден 2000 м3/сек дейін су тасталғанда болуы мүмкін су тасқыны жағдайына есептелген. Бір жарым ай көлемінде жүргізілген ауқымды жұмыстардың нәтижесінде облыс көлемінде  елді мекендерді су басулары орын алмай, үлкен су қауіпсіз өткізілуде.       9da13e1d-4794-4f7a-9bfa-6243bf772c0a

Су тасқынына қарсы шаралардың мән-жайы талқыланған жиында аудан әкімдері  Сырдария өзеніндегі және Көксарай  реттегішінде толған суды ауыл шаруашылығы бағытына қолдануға мүмкіндік беретін жобаларымен таныстырды. Нәтижесінде суармалы жерлерді ұлғайту көзделуде.

Айта кетейік, аймақтағы үш ірі Арыс, Келес, Бадам өзендері мен 117 кіші өзендер таудан бастау алып, барлығы елді мекендер арасымен өтіп, республикааралық Сырдария өзеніне барып құйылады.f444c934-9fde-49fc-b111-9cad680281b9

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары «Қазгидромет» РМК орталығынан күнделікті мәліметтер алып, облыс аумағындағы көктемгі су тасқыны жағдайына мониторинг, болжау жұмыстарын тоқтаусыз атқаруда.

                                                                                                                                     ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған