ОҚО-да мемлекет қазынасына алты айда 147 млрд. теңге салық түскен

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы АлтынсарыҮмбетәлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәліметті.

Осы жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндаған департемент басшысы мемлекеттік бюджет жоспары 106 пайызға орындалғанын атап өтті. Яғни,  жоспар бойынша қазынаға 139 млрд. теңге түсуі тиіс болса, бюджетке нақты 147 млрд. теңге түскен. Осылайша, мемлекет қазынасына түскен салық көлемі 8 млрд. теңгеге артық орындалып отыр.

«Оның ішінде, бюджет кесіндісіне келсек, республикалық бюджетке 84 млрд. тң. жоспарланса, нақты 90 млрд.тң. өндірілген. Яғни, орындалуы 107% құрап, қазынаға 6 млрд. тң. артығымен түсіп отыр. Ал, жергілікті бюджет бойынша болжамды жоспар 55 млрд. тң. болса, нақты 58 млрд. тң. өндірілді. Жоспардың орындалуы 105% немесе жергілікті бюджет қоржынына артығымен 3 млрд. тң. қамтамасыз етілді. Түсімдердің өсу қарқыны 104% құрады немесе 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер 2 млрд. тг артты», – деді А.Үмбетәлиев.

Алтынсары Дүйсенбекұлы, тілшілермен болған кездесуде, сондай-ақ, бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету жайын да сөз етті. Яғни, камералдық бақылау, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіруді күшейту және жергілікті атқарушы, құзіретті органдармен бірлесе атқарған жұмыстардың нәтижесінде, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында  бюджетке қосымша анықталған ішкі резервтер есебінен жалпы 16 млрд. 386 млн. тң. өндірілген. Мұны өткен 2016 жылдың 6 айымен салыстырсақ, 6 млрд. теңгеге көп деген сөз. Осынау жалпы түсімнен жергілікті бюджетке 4 млрд. 747 млн. тң. түсіп, жалпы түсімдердің 8 пайыздан астамын құрапты.

Анықтама ретінде тарқатып айтсақ, салықтық тексеруден 5,7 млрд. тң., камералдық бақылау нәтижесінде 1,7 млрд. тң.,  кедендік құнды түзету нәтижесінде 3 млрд. 325 млн. тң., мәжбүрлеп өндіруден – 2 млрд. тң. және жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін, көлік құралдарын және т.б. түгендеу барысында – 3,6 млрд. тң қосымша кірістер анықталып, өндіріліп отыр.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған