ОҚО-да ірі қара малдарды асылдандыру жұмыстары 3 есеге артқан

Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков аймақтағы мал шаруашылығын дамыту барысы туралы журналистермен болған баспасөз конференциясында айтты. Мәліметінше, соңғы екі жылда өңірдегі ірі қара мал (бұдан әрі – ІҚМ) саны  35 мың басқа артып, 865 мың басты, қой-ешкі 155 мың басқа артып 3 млн. 893 мың, жылқы 16 мыңға артып 230 мың, түйе 1,7 мыңға артып, 23 мың, құс саны 152 мыңға артып, 2 млн. 518 мың басты құраған. Сәйкесінше, мал шаруашылығы өнімі ет өндіру 111,4 %-ға, сүт өндіру 104,8 %-ға, жұмыртқа өндіру 112,1 %-ға, жүн өндіру 110,1 %-ға артып отыр.

«Өңірде мал шаруашылығын дамыту бойынша Республика тарапынан қабылданған бағдарламалар нәтижелі іске асырылуда. Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасымен 26,2 мың бас аналық ІҚМ сатып алынып жоспар 2 есеге орындалды. Бүгінгі күні тұқымдық түрлендіруге 72,3 мың бас аналық ІҚМ қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 19,8 % құрайды. «Алтын асық» бағдарламасымен 50,3 мың бас қой сатып алынып, жоспар 2,3 есеге орындалды. Тұқымдық түрлендіруге 186,1 мың бас қатысуда, жалпы аналық басқа шаққандағы үлесі 11,5 %. «Құлан» бағдарламасы аясында 4,3 мың бас жылқы сатып алынып, жоспар 1,6 есеге орындалды», – деді.

475b49d7-6ef5-41f3-9917-9650f1920a83

Мұнан бөлек, басқарма басшысы облыс халқын құс еті, жұмыртқа және қайта өңдеу өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын айтты. Таратып айтсақ, 2018 жылы Түлкібас ауданында жылдық қуаттылығы 30 мың тн. құс етін өндіруге қауқарлы «Ak Kazyna» құс фабрикасы ашылса, Ордабасыдағы «Ордабасы құс» ЖШС-нің «Күркетауық етін өндіру және қайта өңдеу кешенінің қуаттылығын 20 мың тоннаға ұлғайту жобасы тұр. 

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары қазіргі таңда мал шаруашылығын дамыту мақсатында, аудан, қалаларды мамандандыру бағытында жұмыстарды жүйелі жүргізуді қолға алған.

Қой шаруашылығына қатысты биязы жүнді қойды көбейту ісі Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында дамытылып жатса, қаракөл қойын өсіру Түркістан, Созақ, Отырар, Мақтарал аудандарында, етті бағыттағы қой Шардара, Бәйдібек, Ордабасы аудандары мен Арыс қаласында атқарылып жатыр.

Ал сүтті бағыттағы ірі қара мал Қазығұрт, Мақтарал, Сайрам,  Ордабасы, Түлкібас, Төлеби аудандарында қолға алынып жатса, етті бағыттағы ірі қара мал Созақ, Шардара, Отырар, Сарыағаш аудандары мен Түркістан, Арыс қалаларында, жылқы шаруашылығын дамыту Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш аудандары мен Арыста, түйе шаруашылығын Созақ, Отырар аудандары мен Түркістан шаһарында, құс шаруашылығын Ордабасы, Қазығұрт аудандары мен Шымкент, Арыс қаласында, балық шаруашылығын Шардара, Түлкібас аудандары мен Түркістан қалаларында дамыту жұмыстары жүруде. 

Баспасөз жиынында мәлім болған тағы бір ақпар, соңғы 7-8 жылда өңіріміздегі ірі қара малды асылдандыру жұмыстары 3 есеге артқан. Мәселен, 2009 жылы 38 мың бас ІҚМ қолдан ұрықтандырылған болса, 2016 жылы 117 мың бас ІҚМ асылдандыру жұмыстары жүргізіліпті. 

Кездесуде мал шаруашылығын мемлекеттік қолдауға қатысты жұмыстар да назардан тыс қалмады. Серік Орадбекұлының айтуынша, соңғы екі жылда облысымызда субсидиялау 2 есеге артқан. Атап айтқанда, 2014 жылы өңір шаруаларына субсидия үшін 3,8 млрд.тң берілсе, 2016 жылы 7,3 млрд. тң бөлінді. Ал 2017 жылға 5,9 млрд. тң қаралып отыр.

Сондай-ақ, жиында салада атқарылған ветеринариялық іс-шаралар жайы да айтылды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған