ОҚО-да «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды

 Шымкенттегі «Көрме» орталығында өтіп жатқан  «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі аясында  «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздарды еліміздің  Дін істері және азаматтық қоғам  министрі Нұрлан Ермекбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Халықтың таңдауы», «Жыл серпіні», «Жыл бренді», «Әлеуметтік маңызды стартап» атты номинациялармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.f77f857d-67b4-4493-8406-26e20a36a38e

   Одан бөлек, конкурстың жеңімпаздары Астанада өткізілетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысуға жолдама  алды.299da3ba-3f65-4efb-b4ae-3801d607af2d
de85d66f-63c7-4e8c-b957-ce04bd1c5d93

«Зерде-Керамика», «Хамит» АӨК, «Бал Текстиль» ЖШС, « АртСапалы құрылыс» ЖШС, «Мадлен» ЖШС мен  жеке кәсіпкер «Құдайбергенов» компаниялары жеңімпаздар қатарынан көрінді.  

Айта кетейік,  сарапшы комиссия өкілдері экспозициялардың барлығын қарап, байқау қатысушыларын 3 аталым — «Халық үшін үздік тауар», «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» және «Үздік азық-түліктік тауар» номинациялары бойынша анықтаған болатын.  Конкурсқа қатысушыларды бақылау кезінде алдымен тауардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі ескерілді. 34149cbf-2859-4e81-b416-f310d9885ac7 

   Оңтүстік Қазақстанның тауар өндірушілерін қолдау және оларды халыққа кеңінен таныстыруды мақсат тұтқан шараға күнгейде өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, құрылыс саласына қатысты 200-ден астам тауар өндіруші қатысты. 

 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған