ОҚО-да 22 кәсіпкер кооператив ашуға ниет білдірді

Оңтүстік Қазақстан облысында кооперативтер құру бағдарламасы бойынша «ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвистициялық орталығы бір айға жуық уақыт аралығында көшпелі семинарлар ұйымдастырылды. Жиналыс барысында облыстың барлық аудан және қалалары қамтылып, кооперативтерді құру, қаржыландыру және субсидиялау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараға ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының, «Ырыс» МҚҰ, АШҚҚҚ сияқты қаржы институттарының және жергілікті КҚҚО-ның өкілдері тартылды.

Мақсат – кәсіпкерлерді кооператив құру жолдарымен таныстыра отырып, оларға бөлінетін субсидия және жеңілдетілген несиелер туралы мәлімет беру. Сонымен қатар, кооператив құруға ниеттілерге қолдау көрсете отырып, үлгі ретінде әр ауылда бір пилоттық жобаны жүзеге асыру. 

Қатысушылар – аудан әкімдігі, жергілікті кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары және қаржы институттарының өкілдері, кәсіпкерлер.

Жалпы, құрылған жұмысшы топ арқылы 14 жиналыс өткізіліп, түсіндіру жұмыстары барысында 487 кәсіпкер қамтылды. Олардың ішінен 22 кәсіпкер кооператив құру үшін несие алуға ниет білдірді.

Шара барысында «ОҢТҮСТІК» АИО өкілі А.Сауранбаев кооперативтерді несиелендіру жəне оларды құру жолдарының тиімділігі туралы арнайы дайындаған слайд бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жергілікті «Кəсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның өкілдері селолық тұтынушылар кооперативі мен ауыл шаруашылығы кооперативінің айырмашылықтары туралы, кооператив құру жұмыстарына және несиелендіру жұмыстарына халыққа қызмет көрсетуге дайын екендіктері жайында түсініктеме жасады. Ал жиынға қатысқан бірқатар СТК төрағалары мен кəсіпкерлер көкейіндегі сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алды.

 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған