ОҚО-да «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі өтуде

Шымкенттегі «Көрме» орталығында «ONTUSTIK өнімдері-2017» көрме-жәрмеңкесі басталды. Оңтүстік Қазақстанның тауар өндірушілерін қолдау және оларды халыққа кеңінен таныстыруды мақсат тұтқан шарада күнгейде өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, құрылыс саласына қатысты 200-ден астам тауар өндіруші қатысты. Көрме-жәрмеңкенің ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов қатысып, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

 Іс-шарада бос орындар жәрмеңкесі де қатар өткізілді. Оңтүстіктің тауар өндірушілері тек өз тауарларын ұсынып қана қоймай, шара келушілерімен бос орындар туралы ақпаратпен бөлісіп, қызығушылық танытқандармен әңгімелесті. Бұл аймақтағы жұмыссыздар мен оқуды жаңа бітірген түлектерге өңірдегі компаниялармен танысып, өздеріне тұрақты жұмыс орындарын табуға зор мүмкіндік болды. Бүгінгі таңда әрбір екінші кәсіпорынға офис-менеджерлерден бастап, инженер-технолог, дәнекерлеуші сынды түрлі маман иелері қажет.

         Сондай-ақ, аталған шара барысында «Қазақстанның үздік тауары» атты өңірлік байқау өткізілуде. Оған Оңтүстіктің бастаушы және белгілі отандық тауар өндірушілері қатысып жатыр. Олардың ішінде ВизИТ», «Рауан», «ШХ Гаухар», «Амангелді», «Ладушки», «Azala», «Отрар групп» сияқты танымал компаниялар бар.

        Сарапшы комиссия өкілдері экспозициялардың барлығын қарап, байқау қатысушыларын келесі 3 аталым – «Халық үшін үздік тауар», «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» және «Үздік азық-түліктік тауар» номинациялары бойынша марапаттайды.

         Конкурсқа қатысушыларды бақылау кезінде алдымен тауардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі ескерілетін болады. Сонымен қатар, шара барысында өңірлік номинациялар бойынша – «Халықтың таңдауы», «Жыл серпіні», «Жыл бренді», «Әлеуметтік маңызды стартап» атағымен ең үздік компаниялар анықталады.

 «Қазақстанның үздік тауары» көрмесінің жеңімпаздары салтанатты түрде бағалы сыйлықтармен марапатталады. Конкурстың жеңімпаздары Астанада өткізілетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсына қатысуға жолдама алады.

           Екі күнге ұласатын көрме-жәрмеңкеде қатысушыларға семинарлар, ойын-сауық бағдарламалары мен сыйлықтар табысталады.

      2556d051-6d87-40de-a4dd-1691b3246f01 89a65356-5a5c-4776-88a9-3ca152b23cea 266e0cbc-5851-4239-a254-97b25b66fd0c f076a85c-dde6-4354-bf7e-803768878a7e 69aba380-a8fa-40bd-b019-f2875c79ee46 3296064a-da10-403e-9271-fccb6640e876 ada6382c-3a69-4570-aa0d-e2a0a7864819 d91ceedd-aa6c-48fe-8552-5fa75701f587 95f5ad33-0987-45ba-93d9-940efc686752
2d2f3b29-a439-4c96-8dba-b414ea9d5588 96ead273-060f-433b-b6b5-0cbc7c82cdfa 96142b6c-515c-4062-a1b1-09fdc32ea1ea 57c3caa1-a985-4a5f-bfe4-4858fae15a8e 32633506-4b7b-4546-8d1c-feba76f040d0 5a9de100-591d-470f-8c01-195eaca4731f
2d0476c9-be78-49c4-9407-9363aab60bde 760e632b-3c06-4196-affb-ca5b1f4ecda0

 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған