ОҚО еліміздің төрт облысымен ынтымақтастық меморандумын түзді

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкентте «Өңіраралық еңбек ұтқырлығын дамытудың бизнес-форумы» өтті. 2bdfe79e-1566-4805-a3ca-888773811a56
Жиынға ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, ОҚО қалалары мен аудандарының әкімдері, жоғарыда келтірілген өңірлердегі жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшылары, жұмыс берушілер және тағы басқа да тараптар қатысты.
Форум жұмысын ашқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңір халқының тығыздығына орай, мұнда жыл сайын ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік сынды маңызды салаларда атқарылып жатқан жұмыстардың жайына тоқталды. Жыл соңына дейін күнгейден теріскейге 400 мың тоннаға жуық бақша, 250 мың тонна көкөніс, 15 мың тонна жеміс-жидек, 15 мың тонна жүзім жөнелтуге мүмкіндіктің бар екенін, сәйкесінше, ол жақтан бидай, картоп, мал азықтық жем өнімдерді алмастырып, өңіраралық кооперативтер жүйесін қалыптастыру жолдарына мән беру қажеттігін жеткізді.2e9db9c2-ba52-4221-ada3-504f6df81010
«Бүгінде Оңтүстіктің бақшалық өнімдері онсыз да мыңдаған шақырымға тасымалданып, Ресейге өткізіліп жатыр. Ал сол көкөністі өсіруді солтүстік өңірлерде жолға қойып, шекара асыру әлдеқайда тиімді болады деп ойлаймын. Сонымен қатар шаруалар солтүстіктен оңтүстікке жеткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін де молынан дайындап, осында жіберуіне мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде еліміздегі азық-түлік нарығын реттеуге оңды ықпал ететіндігі сөзсіз», – деді Ж.Түймебаев.

6c9dd66c-c62e-4784-b8ee-5df50be43228
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Елбасы халықты жұмыспен қамту саласында жаңа жұмыс орындарын құруды басым бағыт ретінде айқындағанын атап өтіп, биыл Қазақстанда 630 мыңнан астам жұмыс орны құрылатынын жеткізді. Бұл ретте, Т.Дүйсенова осы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асыру қолға алынғанын еске салып, оның әрбір бағыты бойынша толыққанды түсіндіріп берді. e52d6e81-ebf7-46b3-993b-0121f49ea063
«Бұдан түсінетініміз, баршамыз, еңбек нарығын тиімді реттеу жолында қай өңірлерде, қандай салалар мен бағыттарда қандай жаңа жұмыс орындарын құру қажеттігін нақты білуіміз керек. Біздің министрлік орталық мемлекеттік органдармен және өңірлермен бірлескен райда, мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобаларда; жаңа заңды тұлғалар тұрғысында; еңбек ресурстарының өзіндік орын ауыстыруы жөнінде (зейнетке шығу, ана болуға байланысты демалыс және өзге де) құрылатын жұмыс орындарына қатысты мақсатты индикаторларды анықтады. Сонымен қатар, облыстар, Астана мен Алматы қалалары әкімдерімен бірлескен жағдайда, тиісті меморандумдарға қол қойдық. Жалпы, елімізде, мемлекет көмегіне жүгінетін жұмыссыз азаматтарды еңбекпен қамтуда кәдеге жарайтын қор ретінде 630 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделіп отыр», – деді Тамара Дүйсенова.

4d682fce-351f-453d-97f8-a9de8f423129
«Өңірлер арасындағы еңбек ресурстарының қозғалысына ерекше көңіл бөлудеміз. Осы аптада республикамызда алғашқылардың бірі болып Оңтүстік Қазақстан облысы 4 өңірден жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарымен танысудың және осылайша өз мамандығы бойынша таңдау жасаудың тамаша мүмкіндігін жасады. Бұл арқылы, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында, қазақстандықтарға сұранысқа ие кәсіпке тегін оқып қана қоймай, жаңадан ашылатын жұмыс орнына, жұмыс берушідегі бос орынға орналасуды немесе жеке іс ашуды таңдауды қамтамасыз етеміз. Облыстар арасында да еңбекке жұмылуды арттырудан тыс, өнеркәсіп, ауылшаруашылық, көлік-логистика, сауда және қызмет көрсету салаларында жобаларды бірлесе іске асыру бағытында тығыз қарым-қатынас орнатқан жөн. Сондықтан да осы бизнес-форумды өткізу жайлы бастама көтердік. Үш күндік іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдасытырып отырған Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығына алғысымды білдірімен», – деді Т.Дүйсенова.
Министр, ерікті көші-қонды ынталандыру мақсатында, ел Үкіметі оралмандарды қосқанда қоныс аударушыларды қабылдауда 7 өңірді (Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан) және көштің қайнар көзі ретіндегі 4 өңірді (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысы) белгілегенін еске салды. Аталмыш өңірлерден шығатын еңбек мигранттарына көш шығындарын жабатын және бір жыл бойы баспана жалдауға қажет қаржыны өтейтін субсидия бөлінбек. Барлық бағдарламаларға сай берілетін жәрдемқаржының жиынтық көлемі 18 млн теңгеге дейін ұлғайтылып отыр. Несие 6 пайызбен берілетін болады.
Форумда сөз алған Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев биылғы жылы 300 отбасыны қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді. Ол үшін 600 баспана, 1 мыңға жуық жұмыс орны мен 35 мың гектар егістік жер әзірленіп жатқанына тоқталды.
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Асем Нусупованың айтуынша, көшіп келетін 150 отбасыға Рейдер және Шемонайха аудандарында тұрғын үй берілетін болады. Жалпы бүгінде шығыс өңірінде бос жұмыс орны 2 мың 105-ке жетіп отыр екен.
Биыл сондай-ақ Қостанай облысы оңтүстіктен қоныс аударатын 30 отбасыны қабылдауға ниет білдіріп отыр. Ал Павлодар облысы қоныс аударуға ниетті 100 отбасы үшін 473 бос жұмыс орнын ұсынбақ.
Жиын соңында еңбек ресурстарына сұранысты қанағаттандыру мен еңбек нарығының мобильділігін арттыру мәселелері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары әкімдіктері арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Айта кету керек, мұндай бизнес-форумдарды алдағы уақытта Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында өткізу ұйғарылып отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған