ОҚО медицина қызметкерлеріне 29 автокөліктің кілті тапсырылды

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев медицина қызметкерлері күні кәсіптік мерекесіне орай денсаулық сақтау саласының бірқатар ардагерін қабылдап, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Өңір басшысының қолынан марапат алғандардың қатарында денсаулық сақтау саласында 54 жыл еңбек еткен 81 жастағы Тұрсынбек Оразалиев, дәрігер-диетолог, медицинада 45 жылдық еңбек өтілі бар Роза Қуандықова, педиатрияға 44 жылын арнаған Жұмабай Әденов пен науқастарды емдеуде жаңа техналогоияларды ендіруге атсалысқан Раушан Жылқышиева, зейнетке шықса да өңір медицинасын дамытуға әлі де атсалысып келе жатқан «Шымкент қаласы  және Онтүстік Қазақстан облысы интертич отбасылық-дәрігерлік амбулатория» жеке мекемесінің директоры Мария Әлжанова бар.     

Сондай-ақ, аймақ басшысы емдеу-алдын алу мекемелеріне 29 санитарлық көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

«Адам жанының арашасы болып табылатын дәрігерлердің қоғамдағы орны ерекше. Денсаулық сақтау саласы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан біздің облысымызда бұл  салаға бөлінетін қаржы жылдан жылға артып келеді. Соның арқасында біздің медициналық мекемелеріміз ең озық үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталып, емдеудің тиімді тәсілдері қолданылып келеді.Облысымыздағы медициналық ұйымдардың санитарлық автопаркін жаңарту халыққа көрсетілетін медициналық көмекті уақытылы және сапалы қол жетімдігін арттырады деп сенемін»-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жаңа автокөлік науқасқа алғашқы көмек көрсету мақсатында барлық құралдармен қамтамасыз етілген. Яғни, медицина қызметкерлерінің бұл автокөліктер арқылы науқасқа кез келген жерде алғашқы көмек көрсетіп, емдеу жолдарын бастап кету мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, жедел жәрдем қызметінің және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің  санитарлық автопаркін жаңалау бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Соңғы 5 жылда бюджет есебінен алғашқы медициналық-санитариялық және жедел жәрдем көмегіне 273 дана санитарлық автокөлік, оның ішінде 163 данасы ауылдық жерлерге сатып алынды.

Санитарлық автокөліктер – облысымызда тәулігіне емханалық көмекке қаралатын 34 мың адамға, жедел медициналық көмекке жүгінетін 5 мыңнан астам адамға – медициналық қызметтің сапасын жоғарлауына өз септігін тигізеді. Облыс қөлеміндегі медициналық ұйымдар 1154 автокөлікпен қамтылған, оның ішінде жедел жәрдем көмегінде 261 дана санитарлық автокөлік.

                             ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған