ОҚО: ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға 4 мыңға жуық оқушы барады

Елордамыз Астана қаласында «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне Оңтүстік Қазақстан облысынан 3750 оқушы барады.049a5d8a-1ac7-4fa0-a7b8-a904937c5d6c

Өңірдегі әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен оқуда озат, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан және білімі мен өнегелі тәрбиесі үшін оқушыларға мемлекет және демеушілер есебінен ЭКСПО-2017 көрмесіне жолдама берілуде.d1316bf4-39ba-4557-89a2-8463c10cb623

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Ж.Түймебаев  халықаралық мамандандырылған көрмесіне баратын мектеп оқушыларымен Шымкент қаласындағы «Оқушылар сарайында» арнайы кездесіп, олардың дайындаған көрмесі мен концерттік бағдарламасын тамашалады.b8addc54-9e28-4b22-866d-e19565d4e14b

Ең алдымен әкім «ЭКСПО-2017 – Оқушылар көзімен» тақырыбындағы көрмені аралап көріп, «ЭКСПО-2017 – Қазақстанның болашағы» атты салтанатты шараға қатысты.cd48da99-6e54-431a-8fda-1a1694bb7a57

Тарихи оқиғаның куәсі болғалы отырған оқушыларға сәттілік тілеген аймақ басшысы мұндай мүмкіндіктер, егеменді еліміздің жастарға деген үміті мен қолдауы екенін атап өтті.7ea63fd1-50b9-413a-9f6e-dae43b347b19

«Бұл көрменің сіздер үшін  ұмытылмас әрі пайдалы естелік болатынына және көрмеден алған әсерлеріңіз шығармашылықтарыңыздың шыңдалуы мен болашақта ғылыми жаңалықтардың ашылуына сеп болады деп сенемін. Сіздер Тәуелсіз еліміздің тірегісіздер. Сондықтан да әрбіріңіз Мәңгілік еліміздің беделін асыратын намысты әрі білімді және білікті азамат болып өсіп, елдің мақтанышы болуларыңызға тілектеспін»,-деді облыс әкімі.0e34ca71-6e73-460f-9668-1601360028fd

Мұнан соң, қонақтар «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017» тақырыбында оқушылардың қатысуымен өткен флешмобты, «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі – балалар әлемінде» атты сахналық көріністі тамашалады. 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі        

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған