ОҚО құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыстық құрылыс басқармасының басшысы лауазымына Құттыбек Рахматуллаұлы ЖАМАШЕВ тағайындалды.

Құттыбек Рахматуллаұлы 1961 жылы туылған, білімі жоғары. Алматы архитектура-құрылыс институтын бітірген. Мамандығы бойынша құрылыс инженері,  техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1984 жылы Красноярск өлкесінде Шарипов қалалық электр және инженерлік жүйелер мекемесінің шебері болып бастаған. 1986-1992 жылдары Шымкент тұрғын үй құрылысы комбинатының монтажшысы «Шымкентжилстрой» жобалау-құрылыс бірлестігінің монтажшысы,   2-дәрежелі инженері лауазымдарын атқарған.

Мемлекеттік қызметте 1993-2004 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы кедендік бақылау департаментінің инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы лауазымдарын атқарған.

2004-2007 жылдар аралығында «Қазақ-орыс текстилі альянсы» ЖШС бас директорының коммерциялық мәселелер бойынша орынбасары, директоры, «Оңтүстік арнайы экономикалық аймағы дирекциясы»   директорының орынбасары, 2007-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс департаменті  директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет құрылыс бақылауы департаменті директорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының бастығы, 2009-2011 жылдары аралығында Шымкент қаласында құрылыс бөлімі бастығының орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  бастығының орынбасары, құрылыс бөлімінің бастығы лауазымдарында қызметтер атқарған.

2011 жылдың қараша айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып еңбек етіп келді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған