ОҚО әкімі «Казмедприбор» ЖШС-ның жұмысымен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық саласына қажетті күрделі және  озық үлгідегі техника мен құралдарды шығаруда белсенділік танытып келеді. Республиканы арзан бағадағы медициналық бұйымдармен қамтамасыз етіп отырған «Kazmedpribor Holding» ЖШС-нің жұмысымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы танысып, онда шығарылып жатқан өнімдерге жоғары бағасын берді.

1222caf2-3029-4467-a39c-945349a4324d

Аймақ басшысы кәсіпорынның өндірістік бөлігін аралап көріп, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың өндірілу барысымен танысты.

e97b4dd7-42d1-4a89-b224-c5d7abf052c7

16c0f5d5-7220-4ba9-ac39-dac4a33cde2a

21e12260-f1dd-4ecf-8497-9412cbe0a7d2

Айта кетейік,   аталған кәсіпорын  2005 жылы “Бизнестiң жол картасы – 2020»  мемлекеттiк бағдарламасы аясында  ашылған  болатын.  Бүгінде  өндiрiс орны рентген аппараттары мен  медициналық жиһаз- жабдықтар шығарып, дәрілік өнім  өндірумен айналысады. Халықаралық стандартқа сәйкестiк сертификатын алған зауыт бүгінде еліміздегі ауруханалар мен емханаларды УДЗ аппаратынан бастап операция бөліміне қажетті құрал-жабдықтарына дейін қамтып отыр.  Соңғы үлгідегі инновациялық жобаларды іске асыруда кәсіпорын  Жапония, Испания, Корея сынды алпауыт мемлекеттердің зауыттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.  Бүгінде мұнда 150-ге жуық адам еңбек етеді.

6b6a01b9-ba18-49eb-b1b5-82e3df31b656 deb91ee4-6b2d-4b22-8c8c-f29e7d69e2b5

 

«Кәсіпорынның жұмысы жүйелі. Өнімдері де сұранысқа ие. Мұнда жасалынатын қондырғылар озық шетелдік құрылғылардан кем түспейді. Мемлекет тарапынан қолдау көріп отырған кәсіпорын жедел-жәрдем көлігін бастан аяқ жабдықтап, қажетті құралдармен қамтамасыз етуге қауқарлы.  Қаншама отбасыны жұмыспен қамтып,  табысын еселеп отыр. Ең бастысы – кәсіпорын басшылығында ізденіс пен ұмтылыс бар», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

c68423b5-d4ad-4d2e-99c6-93ebbb071e13

200becef-ff6e-41a9-b5a8-83be14725fa7

c49427ce-0010-48ef-9500-3c73762c98b8

Қазіргі таңда “ҚазМедПрибор” мекемесінде медициналық құрал-жабдықтың 400-ден аса түрі шығарылады.  Жалпы зауыт жылына 60 мың дана медициналық техниканы шығаруға қауқарлы. Сондай-ақ, мұнда жедел-жәрдем көлігіне қажетті құралдардан бөлек, электрокардиографтар, медициналық мониторлар жасалады.  Әрi сапалы, әрi бағасы көңiлге қонымды кәсiпорынның өнiмiне  деген сұраныс жыл санап артып келеді. Бүгінде зауыт өнімдеріне Ресей,  Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан сынды көршілес елдерден сұраныстар түсе бастаған.

 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Elana.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған