ОҚО әкімі: Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет атқару – Отан алдындағы ер азаматтың асыл және абыройлы парызы

 

Бүгін Шымкент қаласындағы «Орталық»  саябақта 7 мамыр – «ҚР Отан қорғаушылар күні» мерекесіне арналған салатанатты шарада Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңір жұрты менжауынгерлердіОтан қорғаушылар күнімен және Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне – 25 жыл толуымен құттықтады.

Құттықтау сөзінде әкімәрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етушілер  қандай марапатқа болса да лайықты екенін атап өтті.

«Бүгінде Елбасы Қазақстан Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көрегендігінің арқасында Қазақстан армиясының жаңа келбеті, отаншыл рухы қалыптасты. Қарулы Күштер мемлекетіміздің тұрақты кепіліне айналды. Сондықтан да бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатқан, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн. Елбасымыз атап өткендей, кез келген елдің егемендігі, ол экономикалық және саяси ғана емес, сонымен бірге, әскери әлеуетпен қамтамасыз етілгенде ғана нағыз тәуелсіздікке айналады»,- деді өңір басшысы.

Сонымен қоса ол Қарулы Күштер қатарында әскери қызмет атқару – Отан алдындағы ер азаматтың асыл және абыройлы парызы екенін жеткізді.

– Елімізді қорғау  – сырттан төнетін қауіп-қатерге ғана қарсы күресу деп түсінбеу керек. Сіздер осындай шақта Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оның тыныштығын бейбіт уақытта бекемдеп, шекарасын қас қақпай күзетудесіздер. Қазір қазақстандық Отан қорғаушылар қатарында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ұлдары мен немерелері, шөберелері тұр. Мемлекет қауіпсіздігін және бейбітшілікті сақтау кезде Қазақстан жауынгерлері ел мен Елбасының алдында  қандай да өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындай алатынына біз бек сенімдіміз,- деді Ж.Түймебаев.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған