Оқырманнан келген хат! Елбасы ЭКСПО арқылы қазақты әлемге танытуда!

ЭКСПО жайлы оқырман ойы

Сайтымызға сонау Торғай өңірінен жолданған мақаланы басып отырмыз. Біздің тұрақты оқырманымыз Қабдысалық аға  ЭКСПО туралы өз көзқарасын, пайым-түсінігін тереңнен толғап жазғаны көрініп тұр. «Сырт көз сыншы» демекші, Астанадан шалғайда жатқан ағайында Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-ға мұқият көз салып, оның жетістігін мақтана дәріптеп, мүмкіндігі барлар өз көздерімен көрмекке  Елордаға ат шалдырып жатқаны белгілі. Бүгінгі авторымызда ЭКСПО қалашығын аралап, көз сүйсінер игі істерді көріп марқайып,  қаламына ерік берген тәрізді. Оқи отырайық. Көңілге тоқи отырайық!  

Елбасы ЭКСПО арқылы қазақты әлемге танытуда!

Әр адам алдағы өмірін күнде зор үміт қуаныш пен жаңалық  күтіп тіршілік етеді. Бүгінгісінен ертеңгісі қызық боларын асыға күтеді. Осылай біздің қазақ еліндегі 3-4 жылдан бергі  асыға күткен үлкен, дүние жүзі көз тіккен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде көруге қолымыз жетті.

Айтса айтқандай екен..Бардық, көрдік, керемет екен.

ЭКСПО халықаралық көрмесі ең алғашқы рет 1851 жылы Лондонда өтіпті. Дүние жүзі бойынша барлық жер жүзіндегі адамзат баласы   жақсы өмір сүруі үшін тапқан жаңалықтарын жетістіктерін көрсетіп мақтанып көрініп, соны +333333басқаларға үйретуі үшін жасақталған екен.

1888-1889 жылдары осы көрмеге көрсетуі үшін Парижде әлемге әйгілі биіктігі 375 метр, басында рестораны бар, мұнараның жартысы ашық күннің өзінде бұлтың ішінде тұратын  Эйфель мұнарасы тұрғызылыпты. Ол кезде қазіргідей сварка, дрель, болгарка, басқа да темірді икемге келтіріп өңдейтін жонатын завод құрал станок жоқ еді. Оны орнатқан темірлерін қолмен тесіп, шегелермен орнатқан екен. Сол кездің өлшемімен не деген қажығырлықпен шеберлік десеңші. Бұл ЭКСПО-ға қатнасқан барлық ел өз өнерлерімен жетістігін шеберліктерін мақтанып көрсетуге барлық күштерін салады екен.

Осы көрменің қай жерде болатынын шешетін халықаралық бюроның шешімімен осы жолғы көрмені  біздің Қазақ елінде өткізу бұйырыпты. Бұл да болса Қазақ елінің әлемге танылғаны ғой. Бұл ЭКСПО  Орта Азия елдерінде және бұрынғы алып Кеңес Одағы, қазіргі ТМД елдерінде ортасынан ойып алғашқы келіп орналасуы екен. Бұл бізің ел үшін көрші елдерді де, басқа мемлекеттерді де тамсандыратын үлкен жетістік деп айтуға әбден болады емес пе? Бұл бұрын ескерусіз Қазақ елін аз уақытта әлемге танытқан іс екен. Ол ел басы президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі деп айтпасқа қақымыз жоқ еді.

Көрме деген өмірге келген жаңалық пен жетістікті көрсету еді. Қай мемлекеттің өнерімен шеберлігі озып, ерте  дамыған басым екен деген ұғым бәрімізге ортақ еді. Осындай ұғыммен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін аралап көріп жүрміз.

Әсіресе Қазақстанның биікке орнатқан «Нұрлы әлем» биік айналы шынымен қапталған шар павильионын айтсаңшы. Бес қатарлы үйдің биіктігіндей жоғарыға орналасқан домалақ шардың диаметрі 80 метр екен. Сыртынан қарағанда мешіттердің үстіндегі күмбезі куполы сыяқты көзге ықшам кішкентай шағын болып көрінеді. Ал, оның ішін көрсең? Бүкіл әлемдегі қызық тіршіліктің бәрі соған сыйып тұрғандай. Адам ауызбен айтып тауыса алмайтын, сенбейтін көрніс. Адамдардың қолынан осындай істер істеу келеді екен-ау деген ойды еріксіз тудырады. Бұл шардың ішіндегі биіктігі 8 қатар екен. Бір күн ұзаққа жоғары жақтан төмен қарай 4 қатарын ғана аралап тауыса алмадық. Соның ішінде дем алып отырғанымызда бөтен жақтан келген қонақтарға осыны айтсақ, олар біз екі күн аралап осы шар ішіндегі көрністі көріп бітіра алмадық дейді. Осы шар ішіндегілері жай құрлыс емес, өнерлеп өрнектеп әшекейлеп, соңғы үлгідегі жетістік, сапалы құрлыс материалдармен салынған күрделі құрлыстар екен, материалдары да қымбат көрінеді. Біз өмір сүріп жүрген жер планетасы сыяқты. Осы шынылы шар Ішінде  8 қатар литфті жоғары төмен адамдарды тасып, жұмыс істеп тұр. Әрқайсы бір көтергенде 15 адам алады. Осы домалақ шынымен қапталған шар ішінде карусель бар. Сонда цирктің адамдары адам сенбейтін көрністерді көрсетіп, қуыршақ сыяқты ойнап тұр. Осы карусельдегі ойнаған адамдардың жаны жоқ робот қуыршақ сыяқты екен. Бұл адам ба, әлде жаны жоқ қолдан істеген қуыршақ па дейсің? Олар түгіл оны қарап тұрған өзің қорқасың. Бүкіл әлем осы шардың ішіне сыйып тұрғандай көрніс. Бұл не деген тапқырлық ғажап іс дерсің? Көрген адамдарды қызықтырып, ынтықтырып, еріксіз алға болашаққа жетелейді.

Мұның сыртында, соның қасындағы жерде орналасқан бөлек Қазақстанның техниқалық павильионы тағы бар екен. Соны қарашы. Онда лифті мен Эскалатор, Метроның вагондары жұмыс істеп тұр. Бұл біз тіршілік жасаған дүние емес, екінші әлемді көрсетіп тұр. Қайдан келіп, қайдан шыққаныңды білмейсің. Мен адамдар мен адам істеген істердің көбіне ерекше көзге түскен маңызды сапалысын болмаса, орынсыз көрінгенді жағымпазданып көпіртіп мақтауға сараң едім. Мойындағаным сондай, мақтауға тура келді. Адамдар да осындайды жасай алады екен-ау. Былайша айтқанда айтуға сөзім жетпейді.

Жалпы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің орналасқаны жері қаланың нағыз ортасы 25 гектар екен. Бұл дегенің ұзындығы  1,5 км, ені 1,5 км жер. Құрлысы керемет, биік каркас, шыны мен панельдерден құралып салынған екен.

Бұл халықаралық көрмеге қатнасуы үшін дүние жүзінің алыстағы әр түкпірінен көп 90-ға жуық мемлекет өкілдері келген екен. Әр түрлі ұлт халықтары бәрі жүр. Бұл көрмеде үлкен де, биік 14 павильион жұмыс ісеп тұр. Әр павильионда 4-тен  22-ге дейін әр мемлекеттің көрмесі орналасып өз жетістіктерін көрсетіп насихаттауда. Мұның сыртында біріккен көпшілік қауымдастық орындары да жеткілікті екен.

Осылардың ішінде көрерменді өзіне ерекше баурап тартатыны Қазақстанның «Нұрлы әлем» атанған үлкен де күрделісі шынылы шар павильионы және Техникалық повильионынан басқасының көбі  Видио-ролик, кино-лента мен үлкен плақаттардан құралыпты. Санаулы мемлекеттер ғана өз дүние-мүліктерін көрмеде көсретіп, әрі сатып тұр еді.

Әрине үлкен мұхиттің ар жағындағы алыстан келген алпауыт дамыған мемлекеттер де, Африка, Европа мен Азиядағы үлкен де, шағын кішкентай мемлекеттерде Қазақстан жерінде осы халықаралық көрмені өткізуі үшін өздеріне керекті, елді таң қалдыратын павильион құрлыстарын салуға құрлысшыларымен өз техникасымен құрлыс материалдарын арқалап, артынып тартынып ағып-тамып көшіп келмгені рас. Осыған керекті осыншама үлкен күрделі құрлыстың бәрін Қазақстан мемлекеті аз уақыт ішінде өзі салып бітірді..Бұл қазақ елінің үлкен ұйымдастырушылық қабылеті бар екенін көрсететін жақсы көрсеткіш деуге әбден болады. Қазір тегін ешнәрсе жоқ екені белгілі болса, біткен осы құрлысты осы көрмеге алыстан келіп қатысқан мемлекеттерге көрмесінің жұмыс көлеміне қарай жалдап  (арендаға) бөліп беріп отыр.

Олар да осы көрмеге қатнасып отыр.Араб елінде Катар деген кішкентай ғана мемлект бар. Халқының саны 2,2 млн. жер көлемі 11,5 мың шаршы шақырымды құрайды. Қазақстандағы Қостанай облысында 16 аудан бар. Соның бірі біздің Аманкелді ауданы еді. Жер көлемі 22,6 мың шаршы шақырым екен. Сонда Қатар мемлекеті біздің осы Аманкелді ауданның жерінің тең жартысындай ғана жерге сыйып отыр екен. (Салыстыру үшін Интернеттен алынды). Солар пайыздан өз үлесін алуы үшін Дүние жүзілік банкіге  300,0 миллиард доллар инвистицияға ақша салып отыр.Террористерге 1,0 миллиард  доллар көмекке берген. АКШ мемлекетінен 12,0 миллиард долларға Ғ-15 деген ұшақ сатып алған екен. Барлық шығыны 313,0 миллиард долларды  құрайды екен. (Қазақстан Заман газетінен алынды).

Біз Қазақстанда ЭКСПО-2017-ге құрлысын салып бітіру үшін (қазақ ақшасымен 400,0 миллиард теңге)  дүние жүзілік ақша өлшемімен айтсақ  1,3 миллиард доллар ақша жұмсаппыз. Қайсы бір адамдар ел бірлігіне іріткі салатын кер ауыздар әлі дамудың үлкен жолына түспеген, кедейлік арқалаған біздің қазақ елі үшін осыны көп шығынға санап, өз-өзінен жүдеп жүргендері бар. Бұл орынсыз таяз түсінік дер едім. Сонда жері мейлінше үлкен, игерілмеген шикі-зат байлығы ұшан-теңіз Қазақ елі үшін бұл түккеде тұрмайтын шығын екен. Жұмыс жүргізіп, ұқсата білетін адам осындай қөз қараспен қарағаны жөн демекпін. Және бұл өз орнына қайтып оралатын шығын. Егер мұндай дүние жүзі араласатын халықаралық көрме өз мемлекетін шығынға ұрындыратын болса, ондайды ешқандай да мемлекет өз еліне жолатпайтыны айдан анық емес пе?

Қазір тегін ешнәрсе жоқ екені белгілі емес пе?

Бірінші: Құрлыстың көп орнын бөлігін уақытша жалға (арендаға) шет мемлекеттер алып отыр. Оған олар ақы төлейді. Қалтасы көтермейтін жұқалар мұндай алыс жерге келмейтіні де рас. Ал, келген қалтасы қалыңдар осы біздің елден ішкен жеген тамағы бар, жамбас ақысы, мінген көлігі, ескерткішке сатып алған бұйымдары бар, қалтасын жұқартып өз еліне қайтады емес пе?. Олардың қалың қалтасы біздің елде қалса, ол біз үшін жаман ба? Бұл біз үшін туристерден түскен табыс көзі сыяқты емес пе? Туристерден осылай түскен ақшамен ғана күндерін көріп отырған мемлекеттер де бар.

Екінші: Бұл көрмені көретіндер өз адамдарымыз да, шет ел адамдары да билет сатып алып жатыр. Бұл жұмыссыз жүрген көп адамға уақытша болса да, жұмыс тауып бергендік. Бұл да ЭКСПО-2017 құрлысының шығынын жабатын табыс көзі.

Үшінші: Бұл көрме аяқталған соң, оның барлық зәулім құрлыстары объекті ғимараттары өз еліміздің компанияларына, мекемелеріне, ұйымдарына, сауда орындарына беріледі, сатылады. Сонда бұдан ұтылып тұрғанымыз жоқ сыяқты.

Қайта бізге нағыз керекгі осыны сылтаулап жаңа, әлемге танылып келе жатқан  астананың көп құрлыс  көлемі тез арада қарыштап көрнекті болып алға жылжығаны біз үшін үлкен олжа. Осыны тездетуге себепкер түрткі болды емес пе? Құрлыстың бәрі өзімізде қалады емес пе? Шынын айтсақ мұндай мүмкіндік қолға үнемі түсе бермейді. Астана осының себебімен тез арада үлкен көркейіп қалды.

Осындай үлкен әлем мойындаған істерге мұрындық болған ел басының еңбегі зор екенін біздің қазақ елі ғана емес, дүние жүзі мойынданғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Бұрын ешкім танымаған мойындамаған орыстардың бодауында ескерусіз жүрген қазақ елі қазір халықаралық үлкен ұйымдардың көш басында жүр.

Бір-бірін жек көретін дүние жүзіндегі діни ұйымдардың басын біріктірген ұйтқысы болдық. Барлық дін адам мүдесіне қызмет ететіндей бағыт алды. Бір-бірімен жауласқан елдерді мемлекеттерді татуластыратын ара ағайындық жанашыр жақын сүйкімді туыстары болдық. Жер бетіндегі адамдар бір-бірімен сыйласып өткенге не жетсін.

Ел басымыздың өз елі үшін еңбегі орасан зор, оның қайсы бірін айтып тауысарсың.

Орыс елінің жері мейлінше үлкен екені рас. Дүние жүзінде бірінші орын алады екен. Соны жақсылап үлгіртіп ұқсата алмай отырса да, олардың көзі жерге тоймайды. Осыншама тойымсыздықпен омыраулап алға қанша ұмтылсада дүние жүзінің қарыштап дамуынан біздің осы орыс ағайынның басқаруымен келе жатқан еліміз жарты ғасыр кенже қалып қойғанымызды президентіміз  қазақ елінің ақын жазушылары, зыялы кауым өкілдерімен кездесуінде өзі ашық айтты емес пе? Оны бәріміз де теледидардан көрдік.

Бұрынғы алып Кеңес Одағын басқарған  Н.С.Хрущевтың тұсында қозғалған сөз еді. Россияның өздерінің жері аз жетпегендей, Қазақстанның Солтүстігіндегі егіні мол 5 облысты (Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Павлодар. Шығыс Қазақстан) облыстарын Россияға қосу туралы сөз болған. Бұған келіспей алғашқы үлкен қатты тойтарыс берген сол кездегі Қазақстар республикасының премьер-Министрі бір туар қазақ баласы Жұмабек Ташенов екен. Елінің жерінің бүтіндігі үшін ол өз басын үлкен қатеге тікті. Үлкен билік қызмет креслосын садақалады. Қазақ елінің жерінің бүтінгін сақтауы үшін не деген ерлікке барды дерсің? Басқа жағымпаз, өз мүдесінен аспайтын бос кеуде адам болса, өз билік креслосын өз беделін сақтауы үшін мұндайға бармаған болар еді. Осыдан кейін сол Жұмабек Тәшенов үлкен биліктен шеттеп, қаңғып қалды емес пе? Біле тұрса да әдейі істелген іс еді. Нағыз қаншыл ел бағатын бір туар қазақ екен. Арада біраз уақыт өтседе оның мұндай ерлік азаматтығын қазақ баласы ұмытпай, оның ұрпақтары да өмір бойы қастерлеп табынып көп-көп рахмет айтып отырмыз. Сонда да Қазақ жерін Ресейге қосу туралы осы сөз әр уақытта қайта-қайта қозғалып бықсып жандана берді. Бұл түбі үлкен де, қауыпты шешім әкелетіні рас та еді. Мұндайдан қалай қорғану керек еді?

Өзі де, әкесі де, атасы да қазақ жерінде туып, қазақ елінің нанын жеп жүрсе де, біздің билікте төрде отырып, басқа ел, Мәскеудің, орыс елінің тілеуін тілейтін мысық тілеу өзіміздің жеті атасынан бергі жергілікті осындағы орыстар ерте ме, кеш пе, ел ішін ірітетін бір бүлікті шығаратыны белгілі болатын. Осы құпиясы көп қиыншылығы бар сезімді ешкімге айтпай, білдірмей орыс ағайындарды ренжітпей  ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев қалай әдемілеп тез шешіп кетті дерсің.

Бұрынғы алып Кеңес Одағы бойынша, қазіргі ТМД елдеріндегі ең жақсы да, көрікті де, сұлу да, таза қала болып саналатын әдемі, адам қимайтын көрікті Алматыны  тастап, қазақ елінің астанасын қатардағы көп облыс орталықтарының бірі саналатын Ақмолаға көлден шөлге, орыстар қызыққан 5 облыстың ортасына көшірді емес пе? (Алматы, Чемолган, Қаскелең елбасының өзі туған Отаны еді). Соны тастап кетті ғой. Шешімді батыл іскер адам болмаса, мұндайға кім барар. Бұл қазақ елінің 3-4 ғасыр бойы алпауыт Россияның бүрген тырнағынан құтылып, өз шаңырағын тіктей алмай қиналып тұрған қыйыншылық кедейлік кезі еді. Сонда да осындай көзсіз батылдыққа барды емес пе? Бұл ел басының жалғыз өзінің шешімділігі, іскерлігі, ерлігі еді. Үлкен күрделі мәселені, шаруаны алыстан ойлап шеше алмайтын билік басындағы құйрығы қысқа бұрынғы жуандарымыздың көбі бұған сенімсіздікпен қарап келіспей жауласып, қарсы шықты емес пе? Қандай іс болса да, бәрін уақыт өзі шешіп көрсетеді екен. Ақыр соңында бұл іс үлкен өз жемісін беріп, елімізге үлкен де, мол жаңалық пен абырой бедел әкелді емес пе? Артынан сол алпауыттардың бәрі өз көзімен сенбейтін істі көрген соң, мойындағанын көзімізбен көрдік емес пе?.

Бұрынғы алпауыт Кеңес Одағы мемлекеті құлап, оның бодауындағы барлық 15 одақтас республикалар өз үлесін алып бөлінгенде, орыс елі жері үлкен, әрі шекарасы іргелес жатқан үлкен де, байлығы көп Қазақ елін өз уысынан шығарғысы келмей көп әрекет қулық жасады. Қазақ елі бұрыннан орыс билігінен көп қорлық көрген еді. Осы жолы Алланың аяп бізге берген таланы шығар. Бірақ тағдырдың шешіміне орыс елінің билік күші жетпеді. Осы уақытта бұрынғыдай қазақ елін орыс адамы басқарса, іс қалай аяқталар еді деп, ойымды қорқыныш билейтіні де рас еді. Қиын да күрделі мәселенің барлық тағдырын шешетін ақша айналымы болатын. Өздеріне бағынған қазақ елін орыс ақшасы рубльмен қысып мәжбүлеп, бұғаулады емес пе? Мұның да шешімі мен кілтін құпия түрде тауып елбасы Лондоннан бұрын жасырын дайындап қойған қазақ ақшасын келтіріп, өмірге бас аяғы 3 кунде енгізді емес пе? Мұндайды бұрын кім ойлаған десің? Бұл ел басынын тапқырлығы мен шешімділігі емес пе? Бұл тек қана қазақ елі ғана емес, барлық елдің кедейлік пен жетіспеущілік қамап қиналып тұрған кезі еді. Адам ойлап іске асыра алмайтын не деген ауыр шешім іске асты.

Шөлден көлге келгендер қуанады. Көлден шөлге барғандар ренжиді. Бұл өмірдің заңы. Алғашқыда, Ресейден бөлініп қазақ елі шаңырағын түзеп, тіктей алмай тұрғанда  ел тәлтіректеп әлсіреген кез еді, президентіміз сонда да қазақ елінің астанасын көлден шөлге әкелді емес пе? Мұндайға кім барар? Бұған бұрынғы көптен бегі келе жатқан билік басындағы көп жуан қарын алпауыттвар келіспей өзінікін жөн көріп, қисық тартып ренжігенін көзімізбен көргенбіз. Билік жетегін бүйірден өзін елге тез танытуы үшін бұра тартатындарды, парламентті осындайы үшін таратып, билікті бір қолға шоғырландыруға тура келді емес пе? Елбасының іскер екені осыдан-ақ көрініп тұр емес пе? Сонда да осы қыйындық іс іске асты емес пе? Енді қазір астананы қарап көріңіз, қандай екен? Аз уақытта адам сенбейтін іс болды емес пе? Бұлай болатынын кім ойлаған? Ұйымдастырушысы мықты болса, жоқтан бар болады екен. Бастығы жаман болса, бардың өзі жоқ болады деген сөзді растап тұр. Аз уақыттың ішінде Астана әлем назарына іліккені  жалған емес. Қазір астананы көрсең көзің тоймайды. Аз уақытта мұндай болғанына сенбейсің. Мұндай да болады екен дейсің. Осының өзінде астана өзінің тез арада көркейіп ұлғайуымен қатар, әлемдегі қыйын түйін тағдырларды шешетін дүние жүзіндегі сүйкімді орталыққа айналды емес пе? Осы аз ғана уақыт 20 жылдың ішінде болған іс. Енді 20 жылда не болар екен деп, соның жақсылығы мен жетістігін тез көруге армандаймын. Бұл менің ғана арманым емес. Өзінен басқаның аты жүрдек болғанын көре алмайтын. Ішіне шек айналмайтын санаулы қызғаншақтардан басқа көпшіліктің арманы екені де рас. Аллам тыныштық пен бірлігін беріп, соған жеткізсін дейміз.

Қазақ елі мен жерін патшалық Россия 300 жылдан артық өктемдігін жүргізіп билеген екен. Одан кейін орыс елін билеп, пайдасы жоқ, барлық Социалистік мемлекеттер тастап кеткен, Социалистік жүиені орнатып, дүние жүзіне үстемдік жүргізуді көксеген Коммунистік партия 74 жыл билепті. Сонда осы 4 ғасыр бойы орыс елі өз қарауындағы Одақтас республикаларға өз тізгінін өзіне билетпей, тек орыс мемлекетінің жері  мен елін ғана дамытуға күш салыпты.. Сонда да өндіргендері аз екен. Өздері жұмыс жүргізу білмеген. .Жұмыс жүргізетіндерге билік бермегені рас еді. Оны біздің ел басының істерінен көруге әбден болады. Дүние жүзіне әділдік пен теңдік әперіп, солардың кедей-кепшіктерін жарылқап жатырмыз деген Ресей елінінің қазіргі басшысы В.В.Путиннің өзі Қазкстаннан көп істерді үйрену керек екенін мойындап отыр емес пе?

Орыс мемлекеті Россия, Орта Азияның көп шикі-зат байлығын орыс еліне үздіксіз тасуы үшін темір жолдың барлығын  Орта Азиядан Солтүстік Россия орталығына қарай салыпты. Жұмысты жеңілдетіп, уақыт үнемдеп, жүріс қатнастарын қысқартуы үшін Қазақстанның үлкен жерінде көлденен салынған темір жолдар жоқ болды. Өскемен-Москва, Алматы-Москва, Ташкент-Москва темір жолдары осыған куә. Не деген ұлшылдық десеңші. Басқа ұлт халқын ұлшылсың деп, жазғырып жазалады.  Өз билігі өзіне тиген соң, біздің елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы тұншыққан мәселені тез шешіп, Қазақстанның шығысынан батысына қарай Жезқазған-Бейнеу ұзақ темір жолын (1200км) екі жылда тез салып  бітірді. Тез біткен құрлыс болды. Осы арқылы үлкен де, ауыр да керекті мәселені өзі тез шешті емес пе? Осы темір жол мен Қазақстан жері арқылы бұрын теңіз жолына шыға алмай тұншығып қамалып отырған Қытай, Монголия, бүкіл Орта Азия мемлекеттері Парсы шығанағына еркін шығып, дүние жүзілік арзан да, көп пайдалы дүние жүзілік теңіз жолымен ұштасты емес пе? Осылай елдің тыныс-тіршілігі жеңілдеді. Осыдан соң халықаралық маңызы бар үлкен де, ел таң қалатындай етіп, жаңа темір жол вокзалы мен Аэропорт салынды.  Мұндай құрлыс бүкіл ТМД мемлекетерінде жоқ еді. Темір жол вокзалын көрсең, басың айналып, есіңді танасың. Биіктігі 5 қатарлы екен жабық. Соның үшінші қабатында адамнан қашып  өз ініне кірген жылан сыяқты ұзын да, жүйрік жолаушылар поезді кіріп шығып, жоқ болып жатқанын көресің.. Аз уақытта іске асқан бұл не деген үлкен іс еді. Өз билігі өзіне тисе, қазақ елі де, адам сенбейтін істерді де істей алады дегенді  дәлелдеп, көрсетті емес пе? Осының бәрі аз ғана уақыт 20 жылдың ішінде іске асқан жұмыстар. Осындай болса, енді алдағы 20 жылда қандай үлкен ел үшін пайдалы ұлағатты істерді қазақ елі іске асырар екен. Қызығып-құнығып соны көруге асыға күтіп жүргеніміз жасырын емес еді.

Аз уақыт ішінде елбасы қазақ елін де, өзін де әлемге танытып қана қоймай, дүние жүзіне көп пайдасы мен маңызы бар пікірлер мен ұсыныстарды да алға тартып айтып жұр. Бұл данышпандық іс еді. Бұрынғы көреген данышпандар да, осы біздің ел басынан қанша асып жүр дейсің? Олар да дәл осындай адам шығар деймін..

Өткен 2015 жылы халықаралық БҰҰ требуна мінбесінен халықаралық ақша айналымын жеңілдету үшін дүние жүзін бір валютаға көшіру мәселесін ұсыныс есебінде алға тарты емес пе? Бұл дүние жүзі үшін нағыз керек іс екені рас еді. Тұншыққан қол байлаған көп іс шешімін табар еді. Бұл іске аса халықаралық  байланыс пен көп іс жеңілдер еді.

Рас еді. Баяғыдан бер адам баласының басындағы қиындық барлық елдегі аштық та, қырғын да, соғыс та, келіспеушілік те, көбі Европа мен Азия континентінде жүріп жатқаны рас.. Осындайдың тағдырын шешіп, билігін айтып жөнге кетіретін БҰҰ-ның штаб пәтерін Америка континентінен Азия континентіне көшіру керек екенін біздің елбасы ұсыныс есебінде айтты емес пе? Нағыз керек ұсыныс екені рас еді. Бұрын мұндайды кім ойлаған? Ерте ме, кеш пе, осы екі үлкен тақырып ұсыныс күн тәртібіне қайта-қайта оралып келе беруге тиіс. Орынды болып іске асуға да тиіс. Сонда осы ұсыныстардың авторы кім? Ол біздің елбасымыз президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев еді. Бұл олқы іс, шаруа емес еді.

Осы мен айтып отырған үлкен де, күрделі көп істер аз уақыт 20-25 жыл ішінде іске асты. Бұл бұрыннан дайындық пен тәжірибе жоқ қыйыншылық пен жетіспеушілік, келіспеушілік қамаған кездің өзінде осындай болды.  Бұл тіршілік пен тарих үшін азғантай ғана мезгіл. Осылай бола берсе, бұрынғыдай емес енді көп мүмкіндік пен тәжірибе жинақталды. Бұрынғыдай емес, арқа басымыз кеңіді ғой. Адам өмірге тоймайды екен. Тіршілік ағыны осылай жүріп жатса, алдағы  осындай аз уақытта не болар екен? Мен соны зор үмітпен қызығып асыға күтудемін. Мен ғана емес, бүкл ел, адамзат баласы осылай дер едім. Өйтені біздің өміріміз күннен күнге жақсарып, қызықтырып, құнықтырып барады.

 Қостанай облысы.
Аманкелді ауданы. Аманкелді селосы.
М.Маметова 12/1. 8(714-40) 21-7-26.

Қабдысалық Бейсенбай ұлы

27-07-2017 жыл.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған