ОҢБАҒАН АЛЛЕРГИЯДАН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛДЫМ?

Оңбаған аллергия. Ия, сондай жек көрем осы оңбағанды. Басқаша атай алмаймын. Мені 3 -4 жыл қатарынан оңдырмай қорлады. Мұрнымды 1 секундқа ашып отыра алмайтын күйге жеткізді. Мұрнымды жатсам да, тұрсам да орамалмен жауып жүретінмін. Өйткені ауадағы қоздырғыш жыбырлатып демалтпай қояды. Тіпті осы тамыздағы соңғы приступта эфирге шыға алмай кетіп қалдым.

Ішпеген дəрім қалмады. Қалтамды əбден қақты. Айына 30-40 мыңдап тек осы аллергияның дəрісіне жұмсаған кез де болды. РЕЗУЛЬТАТ ЖОҚ

Содан биыл да шілденің 20-нан кейін басталды…. Нағыз қорлық. Бір күні əріптесім Нұргүл Ахметова :-Сен смородинаның( қарақат болар) жапырағын ішші.  Бір əйелдің айтқаны есімде қалды осыдан жазылдым деген” деді.

Нұргүлжан, бақыттан басың айналсын! Мені осы кеңесің АЛЛЕРГИЯНЫҢ ҚҰЛДЫҒЫНАН ҚҰТҚАРДЫ!

Бірден қаланың сыртындағы лесопасадкадан смородина ағашының бұтақтарын жұлдыртып үйге əкеліп шаймен іштім. Енді дұрыстап түсіндірейін рецептін.

Кəдімгі қара шайды құманға демдеген кезде жемістің жапырақтарын жарты уыстай жұлып алып, жуып құманға салып жібересіз. Шаймен бірге демделсін. БОЛДЫ.  Сүтсіз, қара шаймен тер шыққанша ішесіз.

Осыдан кейін эксперимент жасап “пырқылдап” жүрген əріптесім Ирина Тенға да беріп едім. Жақында ол да “менікі де кетіп қалды” деп экспериментімнің сəтті өткенін айтты.+

Алла жазса келесі жылды аллергиясыз өткіземін деген ойдамын. Сіздер де осы кеңеске құлақ түріңіз. Астанада не көп, жапырағы көп қарақаттың. Ал, смородина өспейтін аймақ тұрғындары қалай алады екен?  Мүмкін жапырақ сатып бизнес бастасам ба екен?) Əзілдеймін.

Смородинада қандай қасиет барын ғылыми  тұрғыда білмеймін. Əйтеуір қоздырғыштарды өлтіретін қасиет бар болып тұр ғой. Қысқасы осы жапырақпен мен осы пəлекеттен  құтылдым. Тфə-тфə. Сізге де көмектесер. Қыруар дəрі алғанша осы емді көріңіз! Сізге де көмектесуі керек!!!

http://iblog.kaztrk.kz/kz/b/157

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған