Оңтүстіктен ЭКСПО көрмесіне көкөніс керуені аттанды

Астана қаласында 22-23 шілде күндері «ЭКСПО-2017»халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы

ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. Осыған орай бүгін ауыл шаруашылығы өнімдері

тиелген жүк көліктері Астана қаласына жолға шықты. Бұл оңтүстік шаруларының ЭКСПО  аясындағы 4 – шіжәрмеңкесі.

Оңтүстік диқандары бұл жолы қала қонақтары мен тұрғындарына құны 171  млн. теңге болатын 420 тонна  өнім  жеткізбек. ЭКСПО  көрмесінде отандық өнімдеріміз қала тұрғындары мен қонақтарына жәрмеңке түрінде ұсынылғалы отыр. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы халықаралық  көрме аясында  6 рет  жәрмеңке өткізуді жоспарлап отыр.

Аталған жәрмеңкеге дихандар негізінен көкөніс, жеміс-жидек пен бақша дақылдарын көптеп жіберуде. Өйткені шілденің шіліңгір ыстығында  осы өнімдерге сұраныс өте жоғары болмақ. ЭКСПО қонақтары дәмі тіл үйірер Шардараның қауын-қарбызы, Түлкібастың алмасы мен Сарыағаштың қызанағынан дәм татады.  Ал, жәрмеңкеге барған шаруалар өнімдерін сатып қана қоймай, халықаралық шараны тамашалауға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, биыл облыста егіс көлемі 11,4 мың гектарға артып,  800,2 мың гектарды құрап отыр.  Оның ішінде көкөніс 35,3 мың гектар,  картоп – 13,3 мың гектар, бақша дақылдары 57 мың гектарға  егілген.

Табиғаттың қолайлығына байланысты биыл өңір шаруалары мол өнім алуда. Мәселен  бүгінгі күнге облыс бойынша 576,7 мың  тонна көкөніс, 325,2 мың тонна бақша дақылдары мен 105,5 мың тонна картоп жиналған.  Жиналған өнімдер еліміздің өзге облыстарымен қатар алыс-жақын шет елдерге экспортталуда.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған