Оңтүстікте кәсіпкерлердің 30 пайызын әйелдер құрайды

Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі бір топ іскер әйелмен  кездесті.  Кездесу барысында өңір басшысы Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалуына тамшыдай болсын үлестерін қосып жүрген ханымдарға алғысын білдірді.

c079aabe-e82d-42e7-a1ce-d5091b38e1cc

«Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында қалыпты түрде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 175 мыңды құрайды. Ал  сол кәсіпорындардың 30 пайыздан астамын нәзік жандылар басқаруда. Аталған көрсеткіш бүгінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметімен айналысуға деген белсенділігін көрсетеді», – деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

                               2434a356-b063-447d-beff-cc0eb41427d3   c9c7c6a1-9b37-498b-ba3a-e9520a18f8c2

Айта кетейік, биыл «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында облысымызда 18 кәсіпкер әйел 39,5 миллион теңге көлемінде грант иеленіпті. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есеге артық көрсеткіш.

Биылдың өзінде  «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық  орталығы 386 кәсіпкер әйелге 1 млрд. 23 миллион теңге көлемінде несие беріпті.  Сондай-ақ өңіріміздегі  «Ontustik» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының филиалы барлық аудан-қалаларда жұмыс жүргізуде.  Мұнда ісін жаңа бастағалы отырған кәсіпкерлер өз біліктілігін арттырып қана қоймай, бизнесті жүргізудің жаңа тәсілдерін үйрене меңгере  алады. Осы орталықтарда оқыған тыңдаушылардың 40 пайызын әйелдер қауымы құрайды.

                               a93f7896-3537-416e-98e9-7d6281e18269   cd872764-7c6c-4904-8395-92a6147ce7c9

Облыс әкімімен  емен-жарқын әңгіме барысында нәзік жандар өткендеріне көз жүгіртіп, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Кездесу соңында өңір басшысы нәзік жандарды жаңа жыл  мерекесімен құттықтап, бірқатар номинациялар бойынша сыйлықтар тапсырды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған